Кәсіпқой бокста ел абыройын көтеріп жүрген отандасымыз Геннадий Головкин канадалық Давил Лемьемен жұдырық түйістіреді. Қос боксшы арасындағы жекпе-жек 17 қазанға жоспарланған.
GGG WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы атақтарына ие. Соңғы жекпе-жегін мамыр айында кіші Вилли Монроға қарсы өткізіп, 6 раундта жеңген болатын. Қазіргі таңда отандасымыз 33 кездесуінің 30-ын нокаутпен жеңіп, орта салмақта үздік боксшылардың бірі атанып отыр. Ал Давид Лемье болса осыған дейін 36 кездесу өткізіп, 34-інде жеңген. 31 кездесуін мезгілінен бұрын аяқтаған. Бүгін назарларыңызға Генаның қарсыласының 10 үздік нокаутын ұсынғалы отырмыз. Бұл бейнероликті қазақстандық боксшының «вконтакте» желісіндегі ресми тобы жариялады.