Бокстан орта салмақта WBA (Super), IBF, IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин жеңісін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа арнады.
Оның үндеуін Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында Ералы Тоғжанов оқып берді.
"Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа. Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, сізді Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV "Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт" атты күн тәртібімен ашылған сессиясының ашылуымен құттықтаймын. Өз жеңісімді, Нұрсұлтан Әбішұлы, сізге, елімізге, Қазақстанның бірлігі мол халқына арнаймын. Бейбітшілік пен келісім әрдайым біздің басты байлығымыз болып қалсын. Сізге зор денсаулық, амандық тілеймін", – деп жазған Головкин.
Айта кетейік, жекпе-жек 24 сәуір күні "Форум" аренасында өтіп, Головкин Уэйдті екінші раундта нокаутқа түсірген болатын. Головкин нокаутпен аяқталған жекпе-жектерінің көрсеткішін жақсартты.
Биыл қаңтарда өткен съезд кезінде Назарбаев танымал боксшы Геннадий Головкинге сөз арнады. "Сен шаршы алаңға шыққанда бүкіл Қазақстанның сені қолдайды. Біз сенімен мақтанамыз. Олардың бәрін барынша соқ та, елге орал", – деді Мемлекет басшысы. Залда отырғандар Елбасының бұл сөзіне қошемет білдірді.
Дереккөз: tengrinews.kz