Геннадий Головкин Давид Лемьемен жекпе-жегінен кейін заңгер Жангелді Сүлейманов отандасымызды «Халық қаһарманы» атағына ұсыну туралы үндеу тастады. Сүлейманов фейсбук парақшасында мынадай толқынысты сөздерін жазды.
«Бүгін бүкіл Қазақстан Геннадий Головкиннің маңызды жеңісіне шаттанды. Бүгінгі қарсыласы шынында да осал емес, қауіпті әрі мықты. Сондықтан ол жекпе-жекке шыққан сәтте мен де барша қазақ жұртымен бірге қатты толқыдым. Генаға зор сенім білдірдім, бірақ бокста ешкім күтпеген нәтиже көрінуі де ғажап емес. Жекпе-жек басталған сәтте-ақ бәрі жақсы болатынын сездім.
Гена теледидарда тікелей көрсетілім ақылы түрде түсірілетін жекпе-жекке алғаш рет шықты. Сол себепті аз ақы төлеген, жылдам шайқасты ұнатпайтын адам секілді болмай, оның мақсаты жекпе-жекті тез аяқтамау болды. Гена жекпе-жекті 8 раундқа созды.
Кәсіби бокстан хабары жоқтарға құлағдар етейін, Гена қазіргі заманда ең ұлы боксерлердің бірі. Ал бокс футболдан кейінгі орын алатын ең қызық спорт түрі. Генаның қарсыласы – ең мықты боксерлердің бірі, дегенмен Гена одан да басым түсті, өзінің қандай ұлы боксер екенін мойындатты.
Генаның танымалдығы және осы жеңісі арқылы біздің Қазақстанды барша ел танитын болды. Гена нағыз отансүйгіш азамат. «Ұлтымды сұрағандарға былай деймін: әкем – орыс, шешем – кәріс, ал мен – қазақпын! Барша жеңісімді еліме, халқыма, президентімізге арнаймын», - деген жалынды сөздері осы пікірімізге дәлел.
Гена шындығында Халқымыздың батыры, ол ресми түрде Халық Қаһарманы атағын алуға лайықты. Заң жүзінде де «Халық Қаһарманы» атағы Қазақстан Республикасының бостандығы және тәуелсіздігі үшін жауынгерлік ерлік көрсеткен тұлғаға беріледі.
ҚР Президентіне не басқа да ұйымдарға ұсыныс жіберуге болады. Сондықтан, міндетті түрде Гена Халық Қаһарманы атағына ұсынылады деп ойлаймын. Мәселен, Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті не Қазақстан бокс федерациясы ұсынса болады».