Гарри Поттер жайлы Джоан Роулингтің осыдан он жыл бұрынғы жазғандары бүгінгі таңда шындыққа айналып отыр. Әңгіме бүгінгі таңда көпшіліктің сүйікті ісіне айналып үлгерген квиддиче ойыны туралы. Иә, кітаптағы сиқырлы сыпырғыштарға әлі адам өресі жете қойған жоқ. Есесіне, жасыл алаңқай үстінде сыпырғышқа мініп алып, шапқылап жүрудің өзі неге тұрады.
Заманның соңғы сыпырғыштарын есепке ала отырып, өз кезегінде қу таяқты бір қолға ұстап жүру қажет. Және келесі қолмен допқа жармасу тиіс. Бәріне қарамастан, аталған ойын жағдайы ешкімді қынжылтпайды, керісінше, әлемнің түкпір-түкпіріндегі атлеттердің қызығушылығын тудыруда.
"Біздің командада Гарри Поттер жайлы кітапты оқымаған, тіпті, желісі бойынша түсірілген киносын да көрмеген адамдар бар. Бірақ бұл олардың көз байлаушы болуына кедергі келтірмейді. Дәл осындай спорттық бағыттар арқылы өмірлік ұстанымдарын қалыптастырмақ", - дейді Оттавадан келген команда капитаны Клэр Хатчинсон.
АҚШ-тың Флорида штатындағы Киссимми шағын қалалық округінде жыл сайын мың алты жүзге жуық қатысушылар өз бақтарын сынайды. Квиддича кубігі жолында қатысам деушілерге есік ашық.
Спорттың бұл түріне қалай қарайсыз?
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/ywZK38UtKDw","width":"450","height":"240"});
сурет:infoniac.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек