«Гарри Поттер» фильмінде Драко Малфойдың досы болған Грегори Дойл ролін сомдаған белгілі актер Джошуа Хердман ережесіз жекпе-жектегі алғашқы кездесуін өткізді. Бұл туралы «The Sun» басылымы хабарлап отыр.
Актер 23 сәуір күні ережесіз жекпе-жектен Лондонда өткен «Rise of Champions 2» халықаралық турниріне қатысты. Спорттық мансабындағы алғашқы кездесуін поляк Янош Валачовскиге қарсы өткізіп, төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетті. Янош та ережесіз жекпе-жекте алғашқы кездесуіне шыққан болатын.
Джошуа Хердман осыған дейін бразилиялық джиу-джитсумен айналысып келген. Ережесіз жекпе-жекті де жат көрмейтінін «The Sun» басылымына берген сұқбатында айтқан. Ал әкесі мен екі ағасы да бокспен шұғылданады екен. Алдағы уақытта Джошуа актерлық өнері мен спортты қатар алып жүрмек.