Жер бетінде футбол десе ішкен асын жерге қоятын жанкүйерлер жетерлік. Ал сол жанкүйерлердің жартысы көбіне теңбіл доп шеберлерін алаңдағы бет-бейнесі мен мінезіне қарай бағалап жатады. Мүмкін бұлай баға беру дұрыс та шығар. Алайда бұл арқылы жасыл алаңдағы ойыншы мен өмірдегі тұлғаның жан дүниесі мен адамгершілігін толық таныдым деп айтуға ауыз бара қоймас. Олар да ет пен сүйектен жаратылған. Бәлкім алаңдағы бір оқыс қимылы (симуляция) арқылы жанкүйерлерге ұнамай қалуы мүмкін. Десе де футболшы оны жеке басы үшін емес, командасы үшін жасады деп түсінген жөн де шығар. Кейде төрешілер де қателесіп жатады. Осындай сәттерде әділдік танытқан футболшылар да жоқ емес. Қажыр-қайраты мен әділдігі арқылы көпшіліктің аузына іліккендер де бар. Бірге оқып көрейік...
Өкініш деп осыны айт...
1956 жылы Мелбурнда өткен ХVІ Олимпиада ойындарында КСРО құрамасы Болгариямен жартылай финалда кездеседі. Ойын соңына қарай Кеңес елі құрамасының қорғаушысы Николай Тищенко допқа талас кезінде иық бұғанасын сындырып алады. Алайда жарыс ережесіне сай ойыншы алмасуға болмайды. Кеш болатын. Мұны түсінген қорғаушы командасын тастап кетпей ойынды соңына дейін жалғастырып, жеңіп шыққан. Ал ақтық сында өнер көрсете алмаған. Финалда КСРО чемпион атанады. Сол кездегі Олимпиада ережесіне сай, медальдар тек ақтық сында ойнаған футболшыларға ғана берілетін болған екен.
Кураньи мен досының ерлігі...
2005-2010 жылдар аралығында неміс құрамасының сапында ойнаған футболшы Кевин Кураньиді көптеген футбол жанкүйерлері жақсы таниды. Бундеслигадағы «Шальке» мен «Штуттгартта» тамаша голдарымен талай көзге түскен. Қазіргі таңда мәскеулік «Динамоның» футболшысы болып есептелетін Кураньи жақында Рио-де-Жанейрода суға кетіп бара жатқан әйелді досымен бірге жүзіп барып құтқарған. Кейіннен баспасөз беттерінде футболшының ерлігі туралы ақпараттар қаптап шықты. Ал футболшының өзі: «мұндай сәтте кез келген саналы адам мен секілді қадам жасайтын еді» деп жауап берді.
Адал Фаулер
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/ZUrcX6kpkU0#t","width":"450","height":"338"});
1997 жылы «Арсенал» мен «Ливерпуль» кездесуінде мерсисайдтық клубтың ойыншысы Робби Фаулер алаң иелері айып алаңында оқыс құлайды. Бұл сәтті байқаған төреші 11 метрлік айып добын белгілейді. Ал ойыншы болса, төрешіге мен өзім құладым деп ескертеді. Құлақ аспаған соң, пенальтиді өзі орындап қақпашының құлаған бағытына қарай допты тебеді. Қақпашы қолынан шығарып алған допты оның командаласы голға айналдырған. Кейіннен бұл футболшыны «канонирлер» жанкүйерлері «Адал Фаулер» деп атап кетті.
Паоло ди Канио адалдығы
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/UPxRtKTM2AU","width":"450","height":"338"});
2000 жылы «Вест Хэм» мен «Эвертон» кездесуі сәтінде қонақтар қақпашысы Пол Джерард шабуыл сәтінде жарақат алады. Төреші ойынды тоқтатуға асықпайды. Сол сәтте командаласының пасын қолмен қабылдаған алаң иелері ойыншысы Паоло ди Канио ашық қақпаны көздемейді. Кейіннен ФИФА бұл футболшыға «Fair Play» жүлдесін табыстады.
«Аякстың» әділ шешімі
2006 жылы «Аякс» жастар құрамасы ел Кубогы ойындары аясында «Камбуур» командасымен кездеседі. Кезекті бір фэйр-плей кезінде жас ойыншы Ян Вертонгеннің соққысы ғайыптан тайып қақпа төрінен табылады. Төреші голды есепке алады. Алайда амстердамдық команданың ойыншылары бұл әділ соғылған гол емес деп өз қақпаларына қарсыласпай доп өткізеді.
Әділдік танытқан Златан
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/ZjnotAQAmdY","width":"450","height":"338"});
2013 жылы «ПСЖ» өз алаңында «Нансиден» бір доп айырмасымен жеңіліп жатады. Алғашқы тайм аяқталар тұста төреші қонақтар қақпасына айып соққысын белгілейді. Бұл сәтте төреші қателігін түсінген Златан Ибрагимович допты жай ғана қақпашыға тебумен шектелді. Екінші таймда швециялық футболшының дубль орындауы париждік командаға жеңіс сыйлаған.
Құтқарушы Уиллард
2013 жылдың шілде айында америкалық "Теннесси Тайтанс" футбол клубының жас ойыншысы Уиллард жаттығуға асығып келе жатады. Кенет отқа оранғалы тұрған көлікті көзі шалады. Жалма-жан жүгіріп барған футболшы орта жастағы әйел мен үш баласы және итін құтқарып қалған.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: eurosport.ru, vk.com