"Футбол елі" - Фарер аралдары

Соңғы зерттеулерге сүйенсек, "футбол десе ішкен асын жерге тастайтын жалғыз ел деген" атаққа Ұлыбритания да, Испания да, Германия да қол жеткізе алмаған. "Ергежейлілердің" Отаны саналатын Фарер аралдары мен Исландия мемлекеті "Футбол елі" атанып отыр.

Жылма-жыл футбол спектаклін тамашалау үшін ағылшын біріншілігіне 1,43 млн адам барса, Германия бундеслигасына 1,3 млн жанкүйер билет алады екен. Дәл мұндай көрсеткішпен Испания, Франция, Италия елдері де алдыңғы қатардан табылады.

Алайда, осы бір мәліметтерді ел тұрғындарының санына шағатын болсақ, онда аз да болса ойланып қалуға тура келеді. Және "Футбол елі" есепті өзінің 10 пайыз ел-жұртымен (елу мың тұрғыннан бес мың жұртшылық) Фарер аралдары көш басына шығады. Онда өздерінің сүйікті командаларына қолдау көрсетуге тұрақты барып тұратын көрінеді.

"Жанкүйерлік" ететін елдер қатарына Исландия (төрт пайызға жуық ел-тұрғындары ойындарға барып тұрады), Кипр (4,03%), Шотландия (3,68%), Англия (2,79%) елдері кірді.

УЕФА-ның мәліметіне көз жүгіртсек, 2001 жылы жер бетіндегі футбол ойнайтындардың саны 250 миллионға жетіп, 1,5 млн команда тіркеуден өтіп, оның ішінде 300 мыңға жуық кәсіби клуб ретінде тіркелген екен.

сурет:eurosport.ru

Дайындаған:Фараби Арыстанбек