- Негізгі бет
- Тұлғалар
- ФИФА пенальтиді ойлап...
ФИФА пенальтиді ойлап тапқан футболшының бейітін қалпына келтірмек
Халықаралық футбол қауымдастықтары одағы (ФИФА) пенальтиді ойлап тапқан ирландиялық қақпашы Уильям Маккрам бейітін қалпына келтіру үшін қаржы бөлді. Бұл туралы Ирландия футбол федерациясының ресми сайты хабарлап отыр.
Уильям Маккрам «Милфорд» футбол клубының қақпашысы болған. Ол 1890 жылы өз қақпасы маңында ойын бұзған команданы жазалау әдісін ойлап тапты. Айып ретінде ирландтық футболшы пенальтиді - қақпа сызығынан 11 метрден айып добын соғуды ұсынған. Нәтижесінде пенальти орындау – 1891 жылы футбол ережесіне енді.
«Пенальти» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «айып» деген ұғымды білдіреді. Оны орындаудың өзіндік ережелері де бар. Мысалы, айып добы орындалғанда, қақпашы ойыншы допты тепкенге дейін қақпа алдындағы сызықтан шықпауы тиіс. Ал өзге команда мүшелері пенальти орындайтын ойыншыдан 9,15 метр алшақ тұруға міндетті.
Пенальтиді ойлап тапқан Уильям Маккрам 1932 жылдың 21 желтоқсанында дүниеден озған.
Сурет: siol.net
Оқи отырыңыз
Моңғол елінің «Қаршығасы» атанған қазақ балуаны жайлы не білесіз?
GGG чемпиондық атағын ең көп қорғаған боксшылардың үштігіне енді
Қаһарына мінген «Қайрат» ойыншысы кім? (видео)
11 жасында спорт шеберлігіне үміткер атанған жас таеквондошылар
О. Сансызбай