- Негізгі бет
- Тұлғалар
- Фалькаоны көрген бала...
Фалькаоны көрген бала көз жасын тыя алмады
Колумбия ұлттық құрамасы мен «Монако» командасының шабуылшысы Радамель Фалькао Богота қаласында балалармен кездесу өткізді. Кездесуде сүйікті футболшысын көрген бір жеткіншек көз жасына ерік берді. Жас бала өзінің футболшыны көрсем деген арманының орындалғанына сенбеген көрінеді. Осылайша ол жарақат алған Фалькаоға денсаулық тіледі.
- Радамель тезірек жазылшы, аяғың әлі-ақ дұрыс болады. Құдай одан да мықты ойнауыңа жол ашсын. Мен сенің Әлем чемпионатында ойнауыңды қалаймын. Сол үшін күніге тілек тілеймін, – деді. Бұл сөздер футболшының да көңіліне әсер етті.
Естеріңізге сала кетсек, 22 қаңтар күні Франция кубогының кезекті кездесулерінің бірінде Фалькао жарақат алған болатын. Аяғына ота жасатқан футболшының Бразилияда өтетін әлем чемпионатына қатысу-қатыспауы әзірге белгісіз.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: rg.ru
О. Сансызбай