Ерлер футбол командасының бірінші әйел-бапкері

Ерлер футбол командасының бірінші әйел-бапкері

Алдарыңызда 25 жастағы Тихана Немчи. Ол «Виктория Ваковац» деп аталатын хорват футбол командасының бас бапкері.

Өткен жылдың қазан айында Тихана өзінің барлық стереотиптерін шетке қойып, ерлер футбол командасының тұңғыш әйел-бапкері болуы арқылы өзіне жаңа мүмкіндіктер ашты. Бұрынғы модель, «Мисс Спорт Хорватия-2008» байқауының финалисі және кәсіби ойыншы (футболдан Хорватияның әйелдер құрамасының футболшысы қызы) 5-дивизионда өнер көрсететін NK Viktorija Vojakovac (Виктория Ваковац) клубының бас бапкері қызметіне шақырылған болатын.

Айта кетсек, Тихана жаңа қызметке тағайындалғаннан соң ғана клуб басшылығы бапкер қыздың Загреб Университетінде дене шынықтыру және спорт саласы бойынша жоғары білім алғандығын білген.

2012 жылы спортшы қыз тізе жарақатын алуына (2002 жылдан бері Тихана «Динамо» сапында ойынап келді) байланысты бапкерлік қызметке ауысқан болатын. Дей тұрғанмен, хорват азаматшасы футболшы мансабына қайта оралуды да ойлауда.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: bugaga.ru

Ж. FM