Sports Intelligence мен ESPN The Magazine ең жоғары төлемақылы спорттық клубтардың тізімін жасап шығарды. Ағылшындық «Манчестер Сити» тізімнің көш басында тұр.
Ағылшындық футбол клубы әр ойыншыға жыл бойына орташа есеппен 5,2 миллион фунттан төлейді екен.
Екінші орынға «Лос-Анджелес Доджерс» бейсбол командасы жайғасыпты - 4.86 млн фунт.
Үздік үштікті мадридтік «Реал» қорытындылаған. "Корольдік" клубтың ойыншыларының жылдық орта табысы 4.718 млн фунтты құраған.
Sports Intelligence хабарлап отырғандай, аталған зерттеу спорттың 10 түрінен 278 клуб арасында жүргізілген.
Сонымен, ең жоғары төлемақылы спорттық клубтар:
1. «Манчестер Сити» – 5,2
2. «Лос-Анджелес Доджерс» – 4.86
3. «Реал» – 4,718
4. «Барселона» – 4,69
5. «Нью-Йорк Янкис» – 4,649
6. «Милан» – 4,251
7. «Лейкерс» – 4,09
8. «Челси» – 4,058
9. «Бавария» – 4,0
10. «Интер» – 4,0
11. «Манчестер Юнайтед» – 3,92
15. «Арсенал» – 3,66
21. «Ливерпуль» – 3,35
35. «Ювентус» – 2,96
51. «Тоттенхэм» – 2,6
56. «Боруссия» (Дортмунд) – 2,36
58. «Рома» – 2,35
61. «Шальке» – 2,3
Сурет:sport.news.am
Дайындаған: Фараби Арыстанбек