Танымал американдық гольфшы Тайгер Вудс Forbes журналының жаңартылған нұсқасы бойынша әлемдегі ең көп жалақы алатын жүз спортшының көшін бастап тұр.
Өткен жылы Вудс жеке басына қатысты дау-дамайларға байланысты бұл тізімнің екінші сатысына сырғып қалған болатын. Дегенмен американдық спортшы 2012 жылдың аяғы мен 2013 жылдың басында «Челленджер» санатындағы алты бірдей турнирді жеңіп, қайта әлемдегі ең көп жалақы алатын спортшы атағына қол жеткізді. Вудстың бүгіндегі байлығы 78,1 милллион долларға тең келеді.
Forbes журналының нұсқасы бойынша ең бай спортшылардың ондығында «Майами Хит» командасының шабуылшысы Леброн Джеймс (59,8 миллион), "Нью-Орлеан Сейнтс" ойыншысы (американ футболы) Дрю Брис (51 миллион), "Грин Бэй Пэкерс" ойыншысы (американ футболы) Аарон Роджерс (43 миллион), гольфшы Фил Микелсон (48,7 миллион), футболшылар Дэвид Бекхэм (47,2 миллион), Криштиану Роналду (44 миллион) және Лионель Месси (41,3 миллион) бар.
Жеңіл атлеттерден тізімде Усэйн Болт бар. Оның байлығы 24,2 миллион доллар. Ол тізімде 40 орында. Былғары қолғап шеберлерінің арасында Флойд Мэйуэзер (34 миллион доллар) мен Мэнни Пакьяо (34 миллион доллар) көш бастап тұрса, Владимир Кличко 24 миллионмен 41 сатыда.
Дайындаған: Уалихан Қосанбай
Сурет: vesti.kz