Ең қауіпті хоббилер

Ең қауіпті хоббилер

"Есінен адасқан, жынды". Жалпы өмірге қауіпті хоббимен айналысатын адамдарды әртүрлі атауға болады. Мұндай адамдарға теннис, футбол секілді қарапайым хоббилермен айналысу жеткіліксіз. Олар міндетті түрде өздерін адам денесі зорға шыдайтын күйге жеткізулері қажет. Осы топтамада өмірге ең қауіпті саналатын танымал хоббилер тізімін жиналған.

10. Банджи-джампинг (Bungee Jumping)



Аяғына резеңке байлап, көпірден секірген адамды елестетіңізші. Негізінде резеңке кері тартқан кезде секірген адамның басы жерге сәл жетпей қалуы тиіс болғанымен, баспен ұрылып, ми жарақатын алып, өмір бойына семіп қалуы немесе сынған мойнының салдарынан өліп кету мүмкіндігі бар.

Тәуекел: Банджи-джампинг кезінде көз жұму қаупі 1-ге 500 000 құрайды.

9. Парашютизм (скайдайвинг)



Бір кесек матаның көмегімен гравитация жылдамдығымен еркін құлаудың үйлесімі болып табылатын барлық нәрсе өмірге қауіпті саналуы қажет. Қандай да бір арқанның бірі үзіліп кетсе болды, соңы Жер бетімен соқтығысумен аяқталады. Қауіпсіздік сақтау шаралары жеткілікті болғанымен, егер адам еркін құлау кезінде есінен таңып не болмаса парашют ашылмай қалса, олардың ешқайсысы көмектесе алмайды.

Тәуекел: парашютизммен айналысу кезінде өліп кету мүмкіндігі шамамен 1-ге 160 000.

8. Дайвинг (Scuba/Deep Sea Diving) 



Су астында жүзудегі ең басты мәселе – бұл ауаның тапшылығы. Бұл жүзгіштің өлімін жылдамдататыны сөзсіз, бірақ әңгіме үлкен тереңдіктерде арнайы жабдықтармен жүзуге келгенде ауа тапшылығы жалғыз ғана мәселе болып қалмайды. Мәселен, жүзгіш қателік жіберіп, оның оттегісі бітті делік, ал ол егер тым тереңде болса, су бетіне шықпастан бұрын қысым айырмасының зардаптарын ескеруге міндетті. Сонымен қатар, жыртқыштарды да ұмытпаған жөн.

Тәуекел: дайвингтен өлу қаупі шамамен 1-ге 34 400 құрайды екен. 

7. Шаңғымен трамплиннен секіру



Тәуекел: трамплиннен шаңғымен секіруден көз жұму ықтималдылығы 1-ге 8333-ді құрайды.

6. Хели-ски (Heli-Skiing) 



Тау бөктерінде шаңғымен сырғанау үшін тікұшақтан секіру тым экстремалды. Оның адам өміріне қауіптілігі соншалық, тікұшақ даусынан қар көшкіні пайда болуы әбден ықтимал.

Тәуекел: Хели-ски салдарынан көз жұму ықтималдылығы шамамен 1-ге 5560.

5. Бейсджампинг / Құздан секіру



Құздан секіру кезінде жартасқа соқтығысу өте ауыр жарақаттарға, соның ішінде бірден өлімге әкелетін ми жарақатына алып келуі мүмкін. Сонымен қатар, егер секірген адамның парашюті дер кезінде ашылмай қалса, Жердің құшақ жая қарсы алатындығы да екіталай.

Тәуекел: құздан секіруден қаза табу ықтималдылығы шамамен 1-ге 2317.

4. Бокс



Бұл спорт түрінің басты мақсаты қарсыласты есінен таңғанша ұрып-соғу екендігін ескеретін болсақ, спортшылардың денелеріне, әсіресе бастарына тиер зарары айтпаса да түсінікті. Уақыт өте алған жарақаттар спортшы денесінің барлық бөлігіне әсер етуі мүмкін және солардың ішіндегі ең ауыры – ми жарақаты.

Тәуекел: Шамамен 2200 боксшының біреуінің өлімі жекпе-жекте алған жарақатымен байланысты.

3. Құзға өрмелеу/Альпинизм (Summit/Rock Climbing) 



Құзға өрмелеу қауіпсіз болуы үшін көптеген адамдар барынша қауіпсіздік ережелерін сақтау тырысады: арқан, карабин, оттек баллоны. Бірақ барлық қауіпсіздік ережелерін сақтағанның өзінде де адамдар күтпеген жерден қолайсыз қаза табуы әбден мүмкін. Мәселен, ауа райы салдарынан, тамақтың болмауынан немесе қар көшкінінен.

Тәуекел: құзға өрмелеу кезінде өліп кету ықтималдылығы 1-ге 1750. Алайда, егер Непал тауларына өрмелеу болса, бұл әлемдегі ең қауіпті хобби болар еді – ол жақта қаза табу ықтималдылығы 1-ге 167-ні құрайды.

2. Мотокросс / мотогонки



Тәуекел: шамамен 1000 мотоцикл жүргізушісінің біреуі қаза табады. 

1. Дельтапланеризм (Hang Gliding) 



Дельтапланеризм өмірге қауіпті хоббилерді бірі – бұл хобби көбіне жел мен құрал-жабдыққа байланысты. 

Тәуекел: шамамен 560 планеристтің біреуі қаза табады. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: bugaga.ru, loveopium.ru

Ж. FM