Алдыңғы жазбаларымызда Аргентинаның футбол жұлдызы Диего Марадона жайлы айтып кеткен болатынбыз. Бұл жолы да Марадона БАҚ көздеріне түсіп отыр. Біріккен Араб Әмірлігінің про-лигасының кезекті кездесуінде "Аль-Васл" клубының бас жаттықтырушысы Диего Марадона "Аль-Шабаб" командасының жанкүйерлерімен ұрыс-дауға тап болған.
"Аль-Шабаб" клубының жанкүйерлері трибунада еуропалық стильмен киінген әйелдерді балағаттай бастады. Олардың арасында жаттықтырушының досы Вероника мен "Аль-Васлдың" орталық қорғаушысы Хуан Игнасио Мерсьенің жұбайы болған.
Кездесуден кейінгі баспасөз отырысында Марадона жергілікті жанкүйерлерді қорқақ деген. "Олар әйелдерге бас сала алады, ал нағыз еркектерге бір сөз де айта алмайды" - деп лепірген аргентиналық жаттықтырушы. Бір айта кететіні, бұл кездесуде жеңіске Марадонаның командасы жетті.