Оңтүстік Кореяның Вонжу қаласында 1999 жылы генерал Мин Гын Хоның құрметіне ескерткіш қойылған. Ол Корея елінің тәуелсіздігі үшін күрескен қолбасшы.
Жапон колонизациясына қарсы күрескен корейлердің қолбасшысы 100-ден аса ұрыста жеңгені үшін елдің ең үздік деген 12 батыры қатарына енген. Ал 1962 жылы марқұм генерал Мин Гын Хоға "Ұлтқа сіңірген ерен еңбегі үшін" (건국훈장, Order of Merit for National Foundation) деп аталатын ең беделді атақ беріледі. Осы атақты генералдың немересі – Денис Теннің туған әжесі.
Мин Гын Хо – Сеул қаласында туған. 1907 жылы жапон королінің әскерді тарату жөніндегі бұйрығына қарсы шығып, 300 адамнан тұратын «Әділет әскерін» құрады. Уақыт өте келе әскер саны бірнеше есеге артып, қарқынды күрес жүріп жатқан 1908 жылдың 29 ақпанында генералды жау әскері ұстап, өлтіреді екен. Көп уақыт бойы Миннің отбасы өлдіге саналып келген. Тек 90 жылға таяу уақыт өткен соң ғана оның жесірінің бір қызы және баласымен бірге Кореядан Манчжурияға қоныс аударғаны белгілі болады. Ал 1937 жылы Кеңес билігінің ұлттарды одақтас республикаларға депортациялауы нәтижесінде қолбасшының ұрпағы Қазақстан жеріне келіп жетеді.
Мин Гын Хо-ның айтып кеткен қанатты сөздерінің бірі – «Егер мемлекеттің өз әскері болмаса, оның несі мемлекет?»
Қазірде атақты батырдың ұрпақтары Қазақстанда тұрады. Сирена (Хи Ра) есімді немересі 1932 жылы туған. Бір қызы және бір ұлы бар. Мин Антон (Хан Сик) 1933 жылы туған. Оның да бір ұлы мен бір қызы бар. Мин Александра (Ми Ра) есімді немересі 1944 жылы туған, бір қызы және бір ұлы бар. Мин Леонтий есімді немересі 1949 жылы туылып, 1993 жылы Алматы қаласында қайтыс болған. Оның артында екі қызы және бір ұлы қалды.
Жалпы генералдың 12 шөбересі бар. Және бір шөпшегі бар. Ол – Қазақстанның Олимпиада жүлдегері Денис Тен!
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: instagram.com