Жақында Бали аралы, Кута жағалауында қыз-келіншектерге арналған айтулы жарыс болып өтті – біз өкшемен серфинг тебу. Бұл туралы Surfdiscovery.ru хабарлайды.
Жарыс ережесі бойынша, біз өкшенің ұзындығы тексеріліп алды - тоғыз сантиметр. Жай күнде серфингті жалаң аяқпен теуіп үйренгендіктен, біз өкшемен тайқымай тұру мүмкін болмады. Соған қарамастан, "қатігез" қазылардың бірі әр қатысушының біз өкшесінің өлшемін тексеріп тұрды.
Бірінші болып жарыс жолына Виктория Кершис пен Катя Карюк шыққанымен, көп уақыт өтіп жатпай-ақ, біз өкшемен трюк жасау мүмкін еместігі анық байқалды. Қос қыз да екі бетке тайқып кетті.
Екінші жарыс жолында Аня Шалашова мен Аня Лазарь жоғары деңгейде қиын бұрыш трюкін жасап көруге бекінді. Нәтижесінде Лазарьдың біз өкшесі мұхит суына ағып кетіп, ізім-ғайым жоқ болды. Ақырында жарыс жолынан шығып қалған қатысушылардың бірі өз туфлиін бере тұрды.
Финалдық бөлікте қыздардың біз өкшесі скотчпен тас-түйін бекітіліп тасталды.
Ақтық мәреде Виктория Кершис пен Аня Лазарь күш сынасты. Жарыс қорытындысы бойынша, Лазарь бірінші орынның иеі атанса, серфинг үйрету мектебінің тәлімгері Кершис екінші орыннан табылып, өз кезегінде үшінші орын Аня Шалашоваға бұйырды.
Марапаттау рәсімі Баланган жағалауында кешкі іңірде болып өтіпті. Жеңімпаз атанған аруларға жергілікті зергердің жұмысы болып табылатын біз өкшемен серфинг бейнеленген арнаулы мүсіндер табысталды.
сурет: baliblogger.ru
Дайындаған:Фараби Арыстанбек