Италия ұлттық құрамасының шабуылшысы Марио Балотелли ағылшындық «Ливерпуль» командасына ауысты. Команда мен футболшы үш жылдық келісімшарт мерзімін бекітті.
ESPN басылымының ақпараты бойынша, футболшының трансфер құны 16 миллион фунт стерлингті құраған. Ал «Супер Марионың» өзі аптасына 80 000 фунт жалақы алады. Тәртібі мен қосымша жетістіктеріне байланысты тағы да сыйақының берілуі қарастырылған.
Брендан Роджерс жаттықтыратын «Ливерпуль» осы жазда Луис Суаресті «Барселонаға» шығарып салды. Одан түскен қаржыға орталық алаң бөлігіндегі ойыншылар шебін нығайтуды көздеді. Жолдастық кездесулер мен бірінші тур ойындарынан кейін клуб басшылығы шабуылшының қажет екенін түсінді. Нәтижесінде «Миланда» жүрген Мариоға құда түсті. Миландық клуб та келісті. Екінші рет Англия премьер-лигасына оралған (2010-2013 жылдары «МС»-да ойнаған) Балотеллидің біз білмейтін, естімеген қырларымен таныс болайық.
***
Жозе Моуринью Марио Балотеллидің өмірінен 200 беттен тұратын күлдіргі әңгімелер (анекдот) түзуге болады, - дейді.
Біз Чемпиондар лигасында «Рубинге» қарсы ойнап жатқанбыз. «Интердегі» барлық шабуылшыларым жарақат алған. Диего Милито да, Самуэль Это’О-да жоқ. Мен нағыз кедей едім. 42-ші минутта Марио сары қағаз алды. Үзілісте мен Мариоға: «Сен қазір командадағы жалғыз шабуылшысың. Абайлап ойна. Ешкімге тиіспе, тек доппен ойна, егер допты жоғалтсаң, қайта алуға қатты талпынба. Төреші қателесіп жатса, үндеме, – дедім. Нәтижесінде ол 46 минутта алаңнан қызыл қағаз алып шығып кетті...
***
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/ebviZ3kLZwQ#t","width":"450","height":"338"});
2009 жылы «Палермоға» қарсы кездесуде Марио Балотелли өзін тамаша қырынан көрсетеді. Соғылған бес голдың төртеуіне септігін тигізеді. Екеуін өз еншісіне жазады. Бірінші болып пенальти жасайды. Бірақ, оны штаттық 11 метрлік айып добын тебетін Самуэль Это’О-ға бергісі келмей, өзі тебуге ұмтылады. Кейіннен Хавьер Дзанетти араға түскен.
***
Бірде Марионы анасы дүкенге үтік және оның тақтасын сатып алуға жібереді. Көп кешіккен ол үйге көмекші жалдап батут пен скутер әкеліпті.
***
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/lYU-SeVofHs","width":"450","height":"338"});
Марио Балотелли жаттығу кезінде ойынға арналған омырауша (манишка) кигісі келмейтін футболшылардың алдыңғы қатарында. Оны кимеу үшін жасаған қылықтары ғаламтордағы ең көп көрілім жинаған бейнебаяндар санатына жатады.
***
Марио бірде достарымен үйінде отшашу жасап, соңы өртке ұласқан. Үйінің пердесінен бастап жана бастаған отты дер кезінде келген өрт сөндірушілер ауыздықтаған. Ал футболшының өзі болса, сол оқиғаның алдында ғана пиротехникалық заттарды қолданғанда абай болуды ескертетін жарнамаға түскен екен.
***
«Манчестер Ситиде» ойнап жүргенде бапкерлері оған футболдағы финттерді қарасын деп DVD дискісін береді. Жарты сағаттан кейін келген олар Марионың атыс-шабыс жанрындағы (боевик) фильм көріп жатқан жерінің үстінен түседі.
***
«Манчестер Ситидің» автокөлік қоятын тұрағының есігі автоматты түрде ашылып-жабылатын әйнекті есік болыпты. Бірде Марио сол есіктен көлігімен кіріп-шығып, бірнеше сағат ойын ойнаған.
***
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/u9VwVeCgcRs","width":"450","height":"338"});
Ағылшындық клубтың Америкадағы оқу-жаттығуларының біріндегі жолдастық кездесуде қақпашымен бетпе-бет шығып, өкшесімен гол соғамын деген әрекеті жүзеге аспай қалады. Нәтижесінде бас бапкер Роберто Манчини ойыншыны алмастырып тастаған.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/Anz0s83gCPg","width":"450","height":"338"});
Өткен жексенбі күні Марио Балотелли «Милан» мен «Валенсия» жолдастық кездесуіне тұмау болдым деп қатыспаған. Ал ертесіне досының кезегін қабыл алып «Ice bucket challenge» акциясына қатысқан.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет:footballtop.ru, sports.ru