29-маусым күні орта салмақтағы WBA және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (GGG) британдық Мэттью Маклинмен өз атағын қорғап қалу үшін шаршы алаңға шығатыны белгілі. Бұл осы кештің HBO телеарнасындағы басты кездесуі болмақ.
Осы кездесуге байланысты еліміздегі ең ірі букмекерлік кеңсе "Олимп" Головкинді жеңімпаз деп таныпты. Сонымен жекпе-жек бойынша боксшылардың коэффициенттері былайша түзіліпті: Головкиннің жеңісі - 1,12, тең нәтиже - 40, Маклиннің жеңісі - 7,42.
Жалпы бұл кездесу Головкиннің осы жылдағы үшінші, ал WBA белбеуін қорғаудағы сегізінші жекпе-жегі саналады. Британдық Маклин болса, соңғы кездесуін 2012 жылдың 15-қыркүйегінде өткізген болатын. Сол кезде ол гаитилік боксшы Джоашим Альсинді бірінші раундта-ақ нокаутқа жіберген еді. Оған дейін Маклин екі кездесуде қатарынан жеңіліс тапқан еді. Алғашқысы неміс Феликс Штурм болса, екіншісі WBC гауһар белбеуінің иегері аргентиналық Серхио Габриэль Мартинес.
Естеріңізге салсақ, Головкин мен Маклин арасындағы кездесу АҚШ-тың Коннектикут штатындағы Машантукет қаласында Foxwoods Resort Casino аренада өтеді. Жекпе-жек Boxing After Dark сериясы аясында НВО бокс телеарнасында көрсетілетін басты кездесу болмақ.
Енді назарларыңызға әлем чемпионы, жерлесіміз Геннадий Головкиннің бұл кездесуге дайындық үстінен түсірілген бейнематериалды ұсынамыз:
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/-KGXt4UYpOU","width":"450","height":"320"});
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: heavy-bag.com