Букмекерлер: "Бүгін "Трактор" сериядағы есепті теңестіреді"

Букмекерлердің есебі бойынша, бүгін 26 ақпан күні КХЛ Гагарин Кубогының плей-офф сындары аясында өтіп жатқан Челябинск қаласының "Трактор" хоккей клубы мен астаналық "Барыс" арасындағы матч сериясында ресейлік клубтың есепті теңестіру мүмкіндігі жоғары көрінеді.

Сонымен, бүгін кешкі сағат 19.00-де Астана қаласында өтетін матчтағы командаларға берген букмекерлердің коэффициенттері: "Барыстың" жеңісі - 2,94, "Трактордың" жеңісі - 2,3 болса, тең есепке - 4.  

Естеріңізге салсақ, сериядағы 3 ойыннан соң, астаналық "Барыс" клубы 2:1 есебімен алда келе жатыр. Клуб екі жеңіске де Челябинск қаласында "Трактор" айдынында жетті. Ал кешегі Астанада өткен ойында "Трактор" 1:3 есебімен "Барысты" тізе бүктірген еді.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: hcbarys.kz