Футболдан каталондық «Барселона» командасының жастар құрамында ойнайтын Жан-Мари Донгу Камерун ұлттық құрамасы сапында Бразилия жерінде өтетін әлем чемпионатына барудан бас тартты. Оның себебі де бар екен.
19 жастағы шабуылшы ұлттық құраманың бас бапкері Фолькер Финке мен лондондық «Челси» ойыншысы Самюэль Это'О араларында келіспеушілік барын алға тартқан. Нәтижесінде Камерун футбол федерациясына құрама сапында ойнамайтынын жеткізіпті. Осыған дейін аталған елдің жастар құрамында ойнаған Жан-Мари Донгу 4 ойыннан 2 гол соққан екен.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/3FgFnrAHvps","width":"450","height":"338"});
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: sports.ru