Алматыда әйгілі Англия футбол құрамасы ойыншыларының қолтаңбалары жазылған доп 890 мың теңгеге сатылды. Аукцион жұмысын бастағалы "Komanda SOS" орталығына 7 адам келіп, допты сатып алуға ниет білдірген. Әлемге әйгілі футболистердің қолтаңбалары бар доптың бастапқы бағасы 3000 доллар еді. Ала доп иесінің есімін аукцион ұйымдастырушылары әлі айтпады. Мәліметтерге сүйенсек, доп иесінің есімі 7 ақпан күні пресс-конференцияда аталмақ. Жоғарыда аталған қаражат сал ауруына шалдыққан балалардың емделуіне беріледі.
Допқа өз қолтаңбаларын Девид Бекхэм, Эшли Коул, Стивен Джеррард, Уэйн Рунни, Метью Апсон қалдырған. Ала доп екі ай бойы Алматыдағы "Меломан Гранд" дүкен сөресінде қойылады, сәйкесінше ниет білдірген кез келген адамның оны сатып алуына мүмкіндік бар.
Ақпарат көзі https://tengrinews.kz