Адамның ақшасы көп болған сайын оның қажеттіліктері де артып, ақшасын ойланбай жұмсай бастайды. Бұл әсіресе атақты адамдарға қатысты әдет. Атақ оларды қымбат көліктер мен виллалар сатып алуға және әрқашан мінсіз көрінуге мәжбүр етеді. Мұның соңы кейде танымал адамның кедейленуіне әкеледі. Кездейсоқ банкротқа ұшыраған бірнеше танымал адамдармен танысайық.
Майк Тайсон
Боксшылардың ішіндегі ең танымалы Тайсон шығар. Оны бокстың аңызы деп те атайды. Майк 20 жасында аса ауыр салмақтағы әлем чемпионатында жеңіске жетіп, чемпион болған ең жас боксшы атанды. Осыдан кейін ол атақты спортшы атанып, бір жекпе-жек үшін 30 миллион доллар алатын жағдайға жетті.
Ол 1990-шы жылдарға қарай қиындықтарға тап бола бастаған боксшы табысынан шығыны 400 000 долларға артты. Тайсон әйелімен ажырасу процесінде сот шығындарына 9 миллион доллар жұмсаған. Нәтижесінде, 2003 жылы 27 миллион долларға жуық қарызы бар атақты боксшы банкроттық туралы арыз беруге мәжбүр болды.
Николас Кейдж
Forbes журналы актерді кино тарихындағы ең жоғары жалақы алатын жұлдыздардың бірі деп атады – тек 2009 жылдың өзінде оның табысы 40 миллион долларды құраса, 1996 жылдан 2011 жылға дейін жалпы 150 миллион доллар табыс тапқан. Кейдж құмар ойын кесірінен банкротқа ұшыраған. Тағы да ол қымбат жәдігерлерді сатып алатын әдеті болған. Бағалы заттарының арасында құны 150 000 доллар тұратын қолдан жасалған сегізаяқ, құлдар азапталған «аруақ үйі» атанып кеткен әйгілі Жаңа Орлеандық Мадам Ла Лоридің үйі (3,4 миллион доллар), Супермен комикстерінің бірінші басылымы (150 000 доллар) және динозавр бар. Актер аукционда 276 000 долларға сатып алған артефакт ұрланған болып шықты. Кейдж сатып алған тарихи жәдігерін Моңғолия үкіметіне қайтаруға мәжбүр болған.
Бүгінгі таңда оның дәулеті 25 миллион долларға бағаланады. Бірақ АҚШ-тың Ішкі кірістер қызметіне қарыз. Актер қаржылық күйреуіне менеджерін кінәлайды, бірақ бұл оны банкроттықтан құтқара алмады. Кейдж B-фильмдеріндегі рөлдерді алуға және қарыздарын өтеу үшін жылжымайтын мүлікті сатуға мәжбүр болған.
Джонни Депп
Депптің банкротқа ұшырау тарихы Николас Кейджмен болған оқиғаны еске түсіреді: табысы көп рөлдер (Кариб теңізінің қарақшылары фильмінің әрбір бөлімі үшін 20 миллион доллар) және жылжымайтын мүлікке салынған инвестициядан күтпеген қиялдарды жүзеге асыруға дейінгі орасан зор шығындар. Мысалы, Депп 14 резиденция сатып алуға 75 миллион доллар жұмсады, соның ішінде Франциядағы бір ауыл бар. 2005 жылы актер марқұм досы, журналист және жазушы Хантер Томпсонның күлін аспанға зеңбірекпен атқызу туралы соңғы өсиетін орындау үшін 3 миллион доллар жұмсады.
2016 жылы актердің қаржылық жағдайының нашарлағаны сонша, TMG компаниясындағы Депптің адвокаттары, ағайынды Манделилер оған негізгі активтерін сатуды ұсынды. Актер олардың әрекеті өзін банкротқа ұшыратты деп менеджерлерді сотқа беріп, өтемақы талап етті.
Депптің айтуынша компания оның байлығын өз пайдасына жұмсап жіберген. Бұдан басқа актерге мәлім етпестен қарындасы Кристиге 7 миллион доллар берген. Ал, TMG ақшаның қайда жұмсалып жатқандығы туралы оған айтып тұрмаған екен. Депп өзі қол қоятын чектерге көбіне қарамайтынын айтады. Компания осы айламен оның ақшаларын жұмсап жіберді деп отыр актер.
Ал, TMG бұл айыпты мойындамайды. Компания мәліметіне қарағанда актер ақшаны молынан жұмсауды жақсы көреді екен. Мысалы: Депп 75 миллионға үйлер, 200 өнер туындысын, 45 көлік сатып алған. Бұдан басқа ол "Кардашьян жанұясы" шоуынан 7 мың долларға диван сатып алған. Әр ай сайын ұшаққа 200 мың доллар жұмсаған. Дәрігерге 1,2 миллион, оққағарларға 1,8 миллион доллар шығынданып отырған екен.
Актер көп ақша жұмсауды жақсы көретінін мойындайды. Мысалы ол компания құжаттарында көрсетілгенідей 30 мың долларға вино сатып алмаған, бәлкім шарап үшін одан да көп ақша жұмсаған.
Депп 17 жыл ішінде 650 миллион доллар табыс тапқан. Бірақ тапқан ақшасын жұмсап жіберген.
Марк Твен
Жазушы кітаптарын сату арқылы қомақты табыс тауыпты. Дегенмен, ол үнемі өз ақшасын сенімсіз инвестицияларға салған. Осындай инвестицияның бірі кітап басып шығару және беттеу машинасы жиі бұзылып қалатын. Ол осындай құрылғыға 300 000 доллар (қазіргі уақытта құны 7 миллион доллар) жұмсаған. Сонымен қатар, Марк Твен баспа мәселелеріне байланысты көп ақша жоғалтты. Нәтижесінде, 1893 жылы жазушы банкрот деп танылды. Біраз уақыттан кейін ол дәріс оқу үшін әлемді аралайды. Бұл оған қарыздардан құтылуға мүмкіндік берді.
Рембрандт
ХVІІ ғасырдағы атақты нидерланд суретшісі сирек және қымбат емес заттарды сатып алуды ұнататын. 50 жасқа толған шағында ол өзін банкрот деп жариялады. Бір-екі жылдан кейін суретшінің жинаған барлық антиквариаты аукционда сатылды. Суретші шығармаларын сата алмаса да, қартайған шағында да сурет салуды жалғастырған.
Уолт Дисней
Уолт Дисней тамаша әңгімеші және біз көретін көптеген мультфильмдердің авторы. Дисней досымен бірлесіп гаражда Laugh-O-Gram деп аталатын студия құрған. Ол кезде Диснейдің ақшасы болмаған. Біраз уақыттан кейін серіктестер алғашқы «Қызыл телпек» мультфильмін жасады. Алайда ол да сәтсіз шыққан. Осыдан кейін серіктестер өздерін бірден банкрот деп жариялаған.
Дональд Трамп
Бүгінде бұл адамды бәрі біледі. Американың бұрынғы президенті және әлемдегі ең бай адамдардың бірі Дональд Трамп өзін 4 рет банкрот деп жариялады. Корпоративтік банкроттық жеке қаржысына әсер етпесе де, алғашқы банкроттығы оған қатты әсер еткен. Құмар ойындарын қаржыландырған кәсіпкер жоғары пайызды төлей алмаған. Нәтижесінде оның қарызы 900 миллион долларға жеткен. Трамп бірнеше активтер мен әуе компанияларын сату арқылы қарыздарынан құтыла алған.