Италия құрамасының шабуылшысы Марио Балотелли ұлттық құрамның ықпалдастық істері жөніндегі министрі Сесиле Кенгемен өткен кездесуге бара алмай қалды. Ұйықтап қалған. Бұл туралы Corriere dello Sport хабарлауда.
- Кездесуге қатысу-қатыспау міндеттелмеген еді - дейді Балотелли. - Барлық өзге ойыншылар секілді, мен де ұйықтадым. Дәл менің жоқ болғаным көп шу болғанын түсінемін".
Министр аталған шабуылшыны көргісі келгендігін, алайда, келе алмағанын еш өкпесі жоқтығын жеткізген.
Естеріңізде болса, ертеректе "Супер Марио" атанып кеткен жігіт адамзат тарихында мәңгі есте қалу үшін өзіне арнап бар-жоғы 22 жасында ескерткіш орнатпақ болған.
"Милан" футболшысы жергілікті суретшілердің біріне өтініш жасап үлгеріпті. Айтуы бойынша, ескерткіште бүкіл бойы қамтылуы және қоладан құйылуы тиіс екен. Ал композициялық түзіліміне келсек, онда Еуропа чемпионатының жартылай финалында Германия құрамасына соққан екінші гол сәтіндегі тойлау қуанышы көрініс таппақ.
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Сурет: sport-xl.net