Әйгілі бразилиялық футболшы Роналдо мадридтік «Реалға» қайта оралып, клуб президентінің кеңесшісі қызметін атқармақ. Бұл туралы Испанияның «Marca» басылымы хабарлады.
39 жастағы Роналдо «корольдік клуб» құрамында жұмыс жасауды көптен бері мақсат тұтып келген болатын. Нәтижесінде клуб президенті Флорентино Переспен ұзақ уақыт ақылдаса келе, оның кеңесшісі болып қызметке тағайындалатын болыпты.
Айта кетейік, Роналдо «Реал» сапында 2002-2007 жылдар аралығында ойнады. 127 ойынға қатысып, 83 гол соққан.