- Негізгі бет
- Тұлғалар
- Арық адамдар артық...
Арық адамдар артық өмір сүреді...
Таяуда америкалық ғалымдар физикалық жаттығудың адам өмірін ұзартудағы маңыз-ерекшелігін анықтай алды.
Зерттеу барысында орта шамада 10 жыл бақылауға алынған 650 мыңға жуық адамның статистикалық мағлұматы қаперге алынған.
Физикалық жаттығуға аптасына 75 минут уақыт бөлсеңіз, онда қырықтың қырқасына келгенде өзіңізді бір жыл, сегіз айға жас сезінеді екенсіз. Ал егер 75 минутты аз көріп, аптасына 140 минут көңіл бөлер болсаңыз, тиісінше қырық жаста үш жыл, төрт айдың артығымен еншіңізге тиесілі екенін бағамдайсыз. Өз кезегінде тұрақты жаттығу жасауға 450 минут жұмсаған адамдар 4,5 жылға өмірлерін ұзартпақ.
Физикалық жаттығу деп тек қана бокс залы мен жаттығу орталықтарын айтуға болмайды екен. Жай ғана жүгіру, турникке асылу, қарапайым жүрістің өзі қозғалыс тудыратындықтан белсенділікке жатады. Ол дегеніміз, өмір ұзарту үшін спорттың бір түрін таңдау міндетті емес деген сөз.
Сонымен қатар өмір тынысы тікелей толықтыққа қатысты болып шықты. Арық адамдар толық адамдарға қарағанда орта есеппен жеті жыл, екі айға артық өмір сүретін көрінеді.
сурет:мұрағаттан
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига