16 елдің кино және эстрада жұлдыздары футболдан «Арт-футбол» атты жұлдыздар арасындағы әлем біріншілігіне қатысады.
Қайырымдылық қоры ретінде өтетін бұл жарыс 2 және 12 маусым аралығында Ресей астанасы Мәскеу қаласындағы «Торпедо» стадионында өтеді деп жоспарлануда. «Мейірім аясында» атты халықаралық қайырымдылық қорының бастамасымен өтетін бұл шарадан 10-20 миллон доллар көлемінде табыс түсіреміз деп отыр ұйымдастырушылар. Және де бұл түскен қаржылар толығымен мүгедек жандардың ем-домына жұмсалатын болады.
«Біз бұл жарысты мүгедек жандардың емделуіне қаражат жинау үшін ұйымдастырып отырмыз. Дегенмен «жұлдыздардың» қатысуымен өтетін барлық жарыстарға кіру тегін болады. Біз қаражаттарды алаңға жиналған жанкүйерлерден тек қайырымдылық үшін алатын боламыз. Мәскеуге 16 елдің ең танымал деген әртістері жиналатын болады. Оларды көруге көп адам жиналады деген ойдамыз», - дейді «Мейірім аясында» қамқорлық қорының жетекшісі Наталья Давыдова.
9 сәуір күні тартылған жеребенің қорытындысы бойынша, 16 құрама төрт топқа тең бөлінді.
«А» тобы: Бразилия, Словения, Польша, Эстония.
«В» тобы: Германия, Англия, Ресей, Жапония.
«С» тобы: Чехия, Түркия, Румыния, Корея.
«D» тобы: Голландия, Украина, Словения, Израиль.
Футбол матчымен қатар, бұл күндері Мәскеудегі Стас Намин атындағы театрда жұлдыздардың қатысуымен концерт те болады екен. Концертке қатысатын жұлдыздардың арасында Эмир Кустурица, Крис Номанн, Урия Хип және Томас Андерс болмақ.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/ictl5EcNkYE","width":"425","height":"350"});
Дайындаған: Уалихан Қосанбай
Сурет: ria.ru