- Негізгі бет
- Тұлғалар
- Андре Уордты нокдаунға...
Андре Уордты нокдаунға жіберген қазақ кім? (видео)
Спорт – көп еңбек пен терді талап ететін сала. Соның ішінде бокс әлемі өз алдына бір төбе. Қазір әлемде қазақ бокс мектебі жайлы айтыла бастады. Оған себеп әлі жеңіліп көрмеген Геннадий Головкин және Олимпиада ойындарынан былғары қолғап шеберлігі сайысында алтынсыз қайтпайтын боксшыларымыз.
Өткенге бір оралсақ... Бүгінде әлем таныған, тіпті әлі ешкімнің ауызы батып жамбасына сала алмаған Андре Уордтың атын атасақ, барлығыңыз «танимыз» деп бас шұлғисыздар. Бірақ әлі жеңіліп көрмеген, жартылай ауыр салмақтағы АҚШ елінің спортшысын нокдауынға бір емес, бірнеше рет жіберген қазақ туралы естіп пе едіңіз?
Естімеген құлақта жазық жоқ. Ендеше біле жүріңіз, ол – Хайдаров Ұтқырбек Абдужалилұлы.
1974 жылы қаңтардың жиырма бесінші жұлдызында Өзбекстанда дүниеге келген қазақ. Азаматтығы өзбек болғанымен тегі қазақ екенін білген жөн. 1999 жылы әлем чемипоны атанған. 2004 жылы Афинада өткен Олимпиаданың қола жүлдегері.
Бұл қалай болды?
Иә, 2004 жылы Олимпиада кезінде АҚШ-тың атынан біз таныған, әлем таныған жұлдызды былғары қолғап шебері – Андре Уорд пен Өзбекстан елінің атынан шыққан қазақ – Хайдаров Ұтқырбек 81 келі салмақта жұдырықтасып, қазақ бауырымыз Ұтқырбек ұтқан. Оны видеодан да көруге болады. Тек ол кезде бокстің негізгі іргесі АҚШ, Куба секілді жерлерде қаланып жатқандықтан, бармақ басты, көз қыстылық болған.
Осының алдында Мэнни Пакьяоны нокдаунға жіберген қандасымыз туралы айтқан болатынбыз.