Әлемнің ең биік шыңын бағындырған тұңғыш қазақ

Әлемнің ең биік шыңы саналатын Эвересттегі Джомолунгманы бағындырған тұңғыш қазақ альпинисі кім екенін білесіз бе? Ол – Эверест сынды алыптың ұшар басына табаны тиген тұңғыш қазақ, спортқа еңбек сіңірген шебер Қазыбек Уәлиев.

©aimauyt.wordpress.com

Қазыбек Уәлиев 1952 жылы КСРО-дағы Кронштадт қаласында өмірге келген. Әкесі кішкентай ғана аралда орналасқан қалада әскери қызметкер болған. Анасы көп уақыт кітапханашы болған. Қазақ политехникалық и©нститутты тәмамдаған. Альпинизге алғашқы қадамын дәл осы оқу орнының қабырғасында жүргенде жасады. Студент кезінен альпинизм спортклубына қатысады. Ал оқу бітірген соң 4 жыл өткенде, 1978 жылы альпинизмнен КСРО-ның спорт шебері атанды. Келесі жылы КСРО чемпионы болып, құрамаға шақырту алады. 1982 жылы Эверестті бағындырмақшы болған кеңес экспедициясының құрамына алынады.

КСРО Эверестке шығуға 1968 жылы тілек білдіріп, кезекке тұрған. Алайда рұқсатты тек 1980 жылы алды. 1982 жылы экспедиция ұйымдастырылып, мамыр айында КСРО альпинистері Эверестке бағыт алды. Алғаш болып Владимир Балыбердин мен Эдуард Мысловский қалған 348 метрді сегіз сағатта, Сергей Бершов пен Михаил Туркевичтер екі күннен соң шыңға шығады. Олардың ізімен қазақстандық Қазыбек Уәлиев пен Валерий Хрищатый шыңға сәтті шығады. Дегенмен оларға шың бірден беріле қойған жоқ. Уәлиев пен Хрищатый шыңға екінші реттен кейін жетті. Бірінші рет олар ауа райының қолайсыздығына байланысты, кері қайтуға мәжбүр болған. Екінші рет қатты дауыл тынған соң шыңды бағындырды.

Осылайша Қазыбек Уәлиев  әлемнің ең биік шыңын бағындырған тұңғыш этникалық қазақ атанды. Ол естелік ретінде шыңда Алматы мен Медеу бейнеленген белгіні тастап кетті.  Кейін елге оралған соң Қазыбек Уәлиев Эверестке сапары жайлы зерттеу жұмыстарын жазып, кандидаттық диссертациясын қорғады. "Жер құйылымдары", "Эверест 82" және "Эверест шыңына шығу" кітаптарын жазып,  геофизика бойынша 10 ғылыми мақала шығарды. 

Бұдан бөлек Қазыбек Уәлиев 1974-1990 жылдары - Жеңіс (7 439 м), Хан Тәңірі шыңы (7 010 м), Коммунизм (7 495 м), Корженевская (7 105 м), Ленин (7 134 м) және тағы басқа шыңдарды 22 рет бағындырды. Қазақстан тәуелсіздігін алған соң Гималайға экспедиция ұйымдастырып, өзі бастап барды.