Әлемдегі ең егде футболшы – Кадзуйоси Миура. Футболмен әлі күнге дейін кәсіби түрде айналысып жүрген ойыншы жақында ғана «Йокогама» командасымен келісімшартын бір маусымға ұзартты.
Жапон азаматы 26 ақпан күні 50 жасқа толады. Футболдағы мансабын 1986 жылы Бразилияның «Сантос» командасы сапында бастаған. 1994 жылы «Дженоа» командасында уақытша ойнаған. Ол Италия чемпионатында ойнаған алғашқы жапон футболшысы.
Кадзуйоси Миура Жапония ұлттық құрамасы сапында да ойнаған. Ондағы мансабын 17 жыл бұрын аяқтаған. Ал барлығы 89 ойынға қатысып, 55 гол соққан. 1992 жылы ұлттық құрамамен Азия кубогында жеңімпаз атанған.