- Негізгі бет
- Тұлғалар
- Александр Винокуров екі...
Александр Винокуров екі дүркін Олимпиада чемпионы атануы мүмкін
Германияның атақты велошабандозы Ян Ульрих 2000 жылы Сиднейде өткен Олимпиада ойындары кезінде ұтып алған алтын медалінен жақын арада айырылуы мүмкін.
Айта кетейік, Ульрих Сидней ойындары кезінде топтық жарыста алтын алса, жекелей сында күміс олжалаған еді. Ал топтық кезеңде екінші болып отандасымыз Александр Винокуров келген.
Осыған дейін Ян Ульрихтің үстінен сол жылдары допинг қабылдады деп айып тағылған болатын. Егер Ульрихтің кінәсі дәлелденіп жатса, онда ол алтын жүлдесін екінші орын алған Винокуровке ұстататын болады. Нәтижесінде Александр Винокуров Сидней Олимпиадасының жеңімпазы атағына қол жеткізуі мүмкін.
Ян Ульрих
Осы жағдайға байланысты Германияның Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах: "Біз барлық ақпараттар мен тексеріс жұмыстарын мұқият зерттеп, шешім қабылдайтын боламыз",-деп мәлімдеді.
Айта кету керек, 2012 жылдың ақпан айында Спорт бойынша төрелік соты (CAS) Ульрихті доктор Фуэнтестің клиникасын пайдаланғаны үшін айыптап, оның 2005 жыл 1-мамырдан бергі барлық спорттық нәтижелерін жоққа шығарған еді. Оның ішінде "Тур де Франс-2005" вело көпкүндігіндегі үшінші орыны да бар.
Естеріңізге салсақ, қазір 39 жасар қазақстандық Александр Винокуров 2012 жылғы Лондон Олимпиада Ойындарының жеңімпазы болып табылады.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: takgroup.kz
Б. Қосмағамбет