- Негізгі бет
- Тұлғалар
- АҚШ спортшылары олимпиадаға...
АҚШ спортшылары олимпиадаға Қытайда жасалған киіммен аттанады
АҚШ елінде олимпиадалық құраманың киіміне байланысты үлкен жанжал туды. NBC телеарнасы шілденің 27 жұлдызында Лондон қаласында өтетін Жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына америкалық спортшылардың киетін киімдерін көпшілік назарына жариялаған болатын. Ал, таныстыру рәсімінің артынша американдық саясаткерлер арасында шу басталды. Себебі, форманың модельерлері мен шығарушылары – Ralph Lauren және Nike компаниялары оны Қытайда тіккен көрінеді және АҚШ елінің мемлекеттік рәмізі (Ту) түсіне сай тігілген киім құлақшасында "Made in China" деген жазу жазылған. Оны ABC телеарнасының тілшілері байқаған екен. Бұл жайт, әсіресе, АҚШ Конгресінің мүшелері мен басшылықтың ызасын тудырды. Олардың пікірінше, Құрама Штаттарының ұлттық құрама командасы тек «Америкада жасалған форманы киюі тиіс».
Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков
Сурет: vesti.kz