- Негізгі бет
- Тұлғалар
- АҚШ президенті Бэкхамді...
АҚШ президенті Бэкхамді әзілдің астында қалдырды
Футболшы Дэвид Бэкхам өзі ойнайтын "Лос-Анджелес Гэлакси" командасымен бірге АҚШ президенті Барак Обаманың қабылдауында болды. Бұл туралы BBC News хабарлады.
Президент команданы Солтүстік Америка Жоғарғы лигасындағы жеңісімен құттықтапты. Сонымен қатар ағылшын футболшысына біраз әзілдеп, тиіскен көрінеді.
Ақ үйдің басшысы Дэвидтің футболдағы жеткен жетістігі оның бизнесімен байланысты екендігін айтыпты. "Дэвид дөрекілеу жігіт. Іш киім бизнесімен айналысатын жігіттің алаңда бұлай бұлаңдауы сирек кездесетін құбылыс", - деп күліпті.
Президент футболшының жасын да әңгіме қылыпты. Командаластарының көбі оған бала болуға жарайтындығын айтып өтіп, "Дэвид, біз қартаюдамыз. Бірақ сен бізден гөрі мықтырақ екендігіңді дәлелдеп жүрсің", - деді. Бэхкам бұл қалжың сөздерге еш ренжімей, қайта күліп жауап қатып отырыпты.
Дэвид Бэхкам қазіргі таңда 37 жаста. 2007 жылдың қаңтарында футболшы американдық "Лос-Анджелес Гэлакси" командасымен бес жылға келісім-шартқа отырды. Бұған дейін спортшы "Манчестер Юнайтед", "Престон Норт Энд", "Реал Мадрид", "Милан" клубтарында, сонымен қатар Англия құрамасында өнер көрсетіп келген.
сурет: theinsider.com