"Forbes" Ұлттық хоккей лигасының ең қымбат командасын анықтады

Канаданың "Торонто Мэйпл Ливс" Forbes журналының тізімі бойынша Ұлттық хоккей лигасының ең қымбат командасы атанды. Бұл ақпарат журналдың ресми сайтында хабарланған. 

Сарапшылардың мәліметі бойынша, канадалық команданың құны шамамен миллиард долларға тең келеді екен. Екінші сатыда «Нью-Йорк Рейнджерс». Бұл команданың бағасы 750 миллион доллар. Үздік үштікті құны 575 миллион доллар құрайтын «Монреаль Канадиенс» командасы қорытындылап тұр.

Сонымен қатар, бұл тізімге «Чикаго Блэкхоукс» (350 миллион), «Бостон Брюинс» (348 миллион), «Детройт Ред Уингс» (346 миллион), «Филадельфия Флайерс» (336 миллион), «Питтсбург Пингвинз» (288 миллион), «Вашингтон Капиталз» (250 миллион) секілді командалар кірген.

Айта кетейік, Forbes журналы 2000 жылдан бастап Ұлттық хоккей лигасының ең қымбат командасын анықтап келеді. Былтыр да бұл атақты «Торонто Мэйпл Ливс» командасы жеңіп алған. Ол кезде «үйеңкі жапырақ» елінің командасының бағасы 505 миллион доллар болған екен 

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: sport-xl.net