Football Manager-ден шын менеджерге айналған жігіт

Football Manager-ден шын менеджерге айналған жігіт

Әзірбайжан астанасының футбол клубында қызықты оқиға орын алды. Дәлірек айсақ, клуб бапкері ретінде компьютер ойынының үздік ойыншысы тағайындалды. Клубтың сайты хабарлағандай, бапкерге жарияланған конкурсты 21 жасар Вугар Гулоглан оглу Хусейнзаде атты жеңіп алған.

5

Конкурс қорытындысы бойынша, Хусейнзаде осы орынға үмітті болған атақты француз маманы Жан-Пьер Папенадан басым түсті.

Хусейнзаде футбол клубын жаттықтыруда басты тәжірибені Football Manager ойынынан алғандығын айтады. Ол биылғы жылдың ақпан айынан бастап, Баку клубында кеңесші болып қызмет атқарып келген екен. Ол өз сөзінде: «Мен әрқашан футбол әлемінде жұмыс жасауды армандаған едім. Ал Football Manager - 2002 жылдан бері менің сүйікті ойыным»,- деді.

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: selectorgame.com, java-best.com 

Б. Қосмағамбет