8 дүркін Олимпиада чемпионы атағына ие норвег биатлоншысы Уле-Эйнар Бьерндален спорттағы мансабын аяқтады. Бұл жайында спортшы бүгін арнайы ұйымдастырылған баспасөз жиынында хабарлады. 44 жастағы спортшы 6 бірдей қысқы Олимпиада ойындарына қатысқан. 13 рет жүлделі орыннан көрінген. Оның 8-де алтын алған. Сондай-ақ 4 күміс 1 қола жүлдесі бар. Олимпиада ойындарындағы жүлделер саны бойынша отандасы Марит Бьоргенге (15 рет жүлде алған) ғана жол береді. Уле-Эйнар Бьерндален әлем чемпионатында 45 рет жүлдегер атанған. Оның 20-да топ жарған саңлақ спортшы. Ал әлем кубогының жекелей кезеңінде 95 рет топ жарып, рекорд орнатқан. Үздік үштікке 179 рет енген. Әлем кубогының қорытындысы бойынша 6 рет жеңімпаз атанған. Спортшы Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындарына қатыса алған жоқ. Ақ Олимпиадаға іріктеу кезеңінде жоғары нәтиже көрсете алмады. Уле-Эйнар Бьерндален2016 жылы беларусь биатлоншысы, 4 дүркін Олимпиада чемпионы Дарья Домрачевамен отау құрды. Қазір бір қыз тәрбиелеп отырған отбасы.