- Негізгі бет
- Тұлғалар
- 70 жастағы бодибилдер...
70 жастағы бодибилдер әлемге таныла бастады
Сэм «Сонни» Брайант – 70 жасар бодибилдер. Ол бодибилдинг спортымен айналысқалы бірде-бір жарысты қалыс қалдырмаған. Ал оның қарсыластары спортшыдан әлдеқайда жас, әрі мығым. Алайда мұның барлығы Сэмге алға қойған мақсатына ұмтылуға еш кедергі болмаған. Сэмнің айтуынша, ол өзінің сүйікті ісімен айналысқан кезде өзін жас сезінеді.
«Көп адамдар менен: «Сіз қашан зейнетке шықпақсыз?» деп сұрақ қойып жатады. Ал менің жауабым қысқа: «Ешқашан!». – Егде жастағы кісілердің басым көпшілігі зейнетке шығып, көз жұмады. Мен қимылдап, шаруамен айналысқанды жақсы көремін. Менің денемді шынықтырып жүргеніме 27 жылдың жүзі болды», - дейді.
Сэм бодибилдинг спортына 44 жасында келді. Ол қазіргі таңда жүк тиеу компаниясында түнгі кезекте оператор болып істейді. Бодибилдер денесін бірқалыпты ұстап отыру үшін күніне екі рет жаттығу залына барып, шынығып отырады. Соның арқасында спортшы өзі күтпеген атақ-абыройға кенелген.
Мұндай дене бітімді қалай жақсы қалпында ұстап жүрсіз деген сауалға ол: «Егер сіз өзіңізді кәрімін деп есептейтін болсаңыз, онда сіздің сана-сезіміңіз осы үрдісті ұстанып, қартая береді. Сол себептен мен ондай ойдан жатпын», – деді.
Оқи отырыңыз:
6 жасар акробат бала рекорд орнатты
«МЮ» мүгедек бапкерді жұмысқа алды
Сәбина Алтынбекова блогерлерге алғыс айтты (видео)
Әлем рекордын орнатқан Әмірбай Рысқұлов дүниеден озды
Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы
Сурет: www.officeplankton.com.ua
Н. Нұрмаханұлы