Кейси Катандзаро – бүгінгінің ниндзя-қызы

Бұл қыздың есімі – Кейси Катандзаро. Ол American Ninja Warrior атты америкалық спорттық шоуының ақтық сынына шықты. NBC арнасында көрсетіліп жатқан шоуды Қазақстан халқы әзірге білмейді. Бірақ бұл қыздың әлемде танымалдылығы артып, жанкүйерлер саны көбеюде.

Нәтижесінде 24 жастағы Кейси бұл шоу тарихында барлық өткелден өте алған жалғыз қыз атанып отыр. Ескерте кетсек, бұл өткелдерден ер адамдардың көп бөлігі де өте алмапты. Спорттық қабілеті жақсы қалыптасқан қызбен біз де таныссақ деген оймен материалымызды әзірледік.

Кейсидің instagram желісінде қазіргі таңда 60,413 көрермені бар. Кейси Катанадзаро 24 жаста. Ол 18 жыл бойы спорттық гимнастикамен айналысқан. 

«American Ninja Warrior» – жапондық «Sasuke» шоуының америкалық нұсқасы. 2009 жылдан бастап телеэфирден көрсетіліп келеді. Шоуда қатысушылар белгілі бір қиын өткелдерден өтіп, топ жаруы керек. Оның ішінде жылдам жүгіру, биікке секіру, тормен асылып шығу, өз қиыл-әрекетін қадағалау әрбір қатысушының басты міндеті. Бұл шоу әр жыл сайын өтіп отырады. Шоуға кәсіби спортшылар да қатысып тұрады.

Кейси туралы толық білу үшін оның instagram ресурсындағы кішігірім видеороликтерін көріп, танысуыңызға болады. Оның жаттығу жасау сәттерінен бірнеше үзік ролик жинастырдық.

Оның жанкүйерлері арасында жеке мекенжайына гүл шоқтарын жіберетін, ғашықтық хатын жазатындар да бар. Осы спорт саласындағы әріптестерінің айтуынша, Кейси тек жақсы спортшы емес, сонымен қатар әдемілігімен де көздің жауын алады.

Кейсидің әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында мыңға жуық мақалалар мен видео-контенттері жарияланған. 

Кейси әрбір жаттығуын тыңғылықты орындап, қателіксіз әрі жылдам жасауға бейімделген.

Кейси кей жаттығуларды орындаған соң орташа деңгейдегі жарақаттар да алып тұратынын жасырмайды. Себебі өзінің оқырмандарына ол мұндай жағдайдың болатынын ескертіп, жарасының суреттерін де әлеуметтік желіге салады. 

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: furfur.me