Ұлыбританияның танымал «The Guardian» басылымы 2015 жылдың үздік 100 футболшысының рейтингін жариялады. Рейтинг қорытындысы бойынша аргентиналық сұрмерген Лионель Месси үздік деп танылды.
Жыл сайын дәстүрлі түрде жалғасын тауып келе жатқан басылым рейтингін түзуге әлемнің 49 елінен 123 футбол сарапшысы қатысқан. Жылдың ең үздік ойыншысы Лионель Месси болса, екінші орынға Криштиану Роналду орналасқан. Үштікті каталондық «Барселонаның» екінші бір ойыншысы Неймар түйіндеп тұр.
Айта кетейік, үш футболшы да 2015 жылғы «Алтын доптан» үміткер. Жеңімпаз 2016 жылдың 11 қаңтарында Цюрихте өтетін салтанатты кеште анықталатын болады. Өткен жылы «Алтын доп» пен «The Guardian» басылымының үздігі атану бақыты Криштиану Роналдуға бұйырған еді.
«The Guardian» рейтингінің алғашқы ондығына мюнхендік «Бавария» мен каталондық «Барселонадан» - 3 ойыншы, «Реал», «Манчестер Сити», «ПСЖ» және «Арсенал» клубтарынан 1 ойыншыдан енген.
«The Guardian» рейтингінің алғашқы ондығы:
1. Лионель Месси («Барселона»)
2. Криштиану Роналду («Реал»)
3. Неймар («Барселона»)
4. Луис Суарес («Барселона»)
5. Роберт Левандовский («Бавария»)
6. Томас Мюллер («Бавария»)
7. Златан Ибрагимович («ПСЖ»)
8. Мануэль Нойер («Бавария»)
9. Серхо Агуэро («Манчестер Сити»)
10. Алексис Санчес («Арсенал»)