- Негізгі бет
- Тұлғалар
- 14 жастағы қазақстандық...
14 жастағы қазақстандық футболшы Францияны мойындатты
14 жастағы қазақстандық футболшы Мирас Бостанов француздың U.G.A Lyon балалар мен жасөспірімдер клубын мойындатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz порталына сілтеме жасап. Клуб директоры Араик Адамянның айтуынша, жас спортшының спорттық әлеуеті жақсы және ересек футболшылармен бір деңгейде ойнайды. Ол - команданың көшбасшыларының бірі әрі бомбардир.
Қазақстандық футболшы спортпен 2010 жылы республикадағы үздік саналатын "Локомотив-Юниор" спорт мектебінде бастайды. Ол аз уақыттың ішінде осы академияның бірінші командасының құрамына кіреді. Ал 2013 жылы оны Франциядағы U.G.A Lyon командасы бақылауға шақырады. Нәтижесінде қазақстандық ойыншы сол елде қалып қояды. "Оның спорттық әлеуеті бар, керемет футболшы болуға мүмкіндігі бар. Қазіргі уақытта 15 жаста болса да 18 жастағы футболшылармен бірге ойнап жүр. Команданың көшбасшыларының бірі әрі бомбардир. 15 жастағылардың арасында өткен чемпионатта 8 гол соғып, нәтижелі бес пас берді. Біздің клуб Лионда атақты, себебі оның президенті Юрий Джоркаефф. Мирас кәсіби футболшы болады деген үмітіміз бар", - деді Адамян.
Оның пікірінше, қазақстандық футболшы - өз жас категориясындағы құрамды үздік. Клуб директоры Бостановтың болашақта Қазақстанға пайда әкелуі мүмкін екенін және жастар құрамасында ойнай алатынын айтты.
сурет: globaleventfood.com
Е. Қайрахан