Мультфильм кейіпкерлеріне тұрғызылған ескерткіштер

Мультфильм кейіпкерлеріне тұрғызылған ескерткіштер

Кинематограф саласында мультипликациялық фильмдердің алатын орны ерекше. Себебі, мультфильмдер үлкеннің де, кішінің де қызығушылығын оятады. Ал мультфильм кейіпкерлерінің бейнесі көрермен жадында мәңгі сақталса, кейіпкерлер сөздері күнделікті өмірде кеңінен қолданылуда.

Таяуда кино кейіпкерлеріне тұрғызылған ескерткіштер жайлы айтқан болатынбыз. Ендігі кезекте көрерменнің ілтипатына бөленіп, сүйікті кейіпкерлеріне айналған мультфильм қаһармандарына қойылған ескерткіштер туралы айтуды жөн санадық.

1. Ресейдің Раменское қаласында бірнеше  мультфильм кейіпкерлеріне арнап ескерткіштер тұрғызылған. Жоба авторы танымал мүсінші - Олег Ершов. Ескерткіштер 2005 жылы тұрғызылған.


Атақты мультфильм кейіпкерлері Қолтырауын Гена, Чебурашка, Шапокляк


«Винни Пух және басқалар» мультфильмінің барлық кейіпкерлерінің ескерткіштері орнатылған


«Простоквашино» мультфильмінің кейіпкерлері Шарик, Матроскин, Почтальон Печкин (жоба авторы Полина Горбунова)

«Ну, погоди» мультфильмінің кейіпкерлері Қасқыр мен Қоян

2. Воронеж қаласы, Лизюков көшесінде «Лизюков көшесінің мысығы» («Котенов с улицы Лизюкова») мультфильмінің кейіпкерлері мысық пен қарға ескерткіші 2003 жылы тұрғызылды. Бұл Эльза Пак пен Иван Дикуновтың мүсіні. Ал ескерткіш эскизын мектеп оқушысы Ирина Поварова жасаған.


3. Ағайынды Гриммдердің ертегісінің желісімен түсірілген «Бремен музыканттары» мультфильмінің кейіпкерлерінің құрметіне бірнеше ескерткіштер тұрғызылған.


Рига қаласы, Латвия


Бремен қаласы, Германия


Хабаровск қаласы, Ресей

4. Атақты Маугли мен Багира ескеркіштері екі қалада орналасқан.


Бұл ескерткіш Ленинград облысы, Приозерск қаласында 1969 жылы тұрғызылған

Николаев қаласындағы зообақ маңында орналасқан ескерткіш

5. Нью-Йорк қаласында «Алиса в стране чудес» мультфильм кейіпкерлерінің ескерткіші


6. Киев қаласы, Украина. 1975 жылы түсірілген «Ежик в тумане» мультфильмі кейіпкерінің ескерткіші


Суреттер: ulin.ru, autotravel.ru, kievtown.net, top10best.ucoz.ru

Ғ. Ұзақ