LG Optimis black

LG Optimis black

LG Optimus Black смартфоны Android 2.2 О.Ж. басқару негізінде жұмыс iстейдi және 1 ГГЦ процессормен жабдықталған. Смартфонның жады - (microSD картасының көмегімен 32 Гбке дейiн үлкейтуге мүмкiндiгі бар) 2 Гб. Жаңа технологияларда дәл осы смартфонға  қатысты: GPS (жол сiлтеушi ретiнде смартфонды пайдалану), WiFi 802.11b,g,n қолдауы Интернет желісінен алыстамауына мүмкiндік береді. 3.5 мм тіркеуіштің бар болуы музыка тындармандары үшін жақсы жаңалық. Заман талабына сай смартфон болғандықтан, екі камера орнатылған (негізгі-5Мп, қосымша-2 Мп). LG Optimus Black дизайны классикалық сызықтардың ықшам эстетикасы және футуристикалық минимализм белгілерінің иесі. Оның салмағы 109 граммды құрайды, бүйiр панелдiң  енi - 6 мм.

 Ең маңызды жаңалық - 4 дюймдік IPS LCD экраны болып табылады. Ол күннің жарығы түссе де, лампалардың жарығы түскен жағдайда да көздің шаршамауына кепілдік береді. Телефонды белсенді тәртіпте қолданғанның өзінде де өзге телефондардан ерекшелігі – энергия қорегін 2 есе аз қолданады. Арнайы шынының қолданылуы - экранның бүлініп кетпеуіне кепіл. Optimus One сатылу көрсеткіштерінен әлемде жүлделі орынға ие. Optimus 2Х Гиннес кітабына ену себебі - оның тезәрекеттілігінде. Ендігі кезекте Optimus Black ең жақсы экранымен көзге түсуде. «Осы жылы LG Electronics өзінің смартфондар топтамасымен әлемді жаулап алатынына сенімдіміз»- деп мәлімдеді  LG Electronics сату бөлімнің директоры Парк Кван Сик.

LG Optimus Black сипаттамалары:

  • Желiлер:  2G GSM 850/900/1800/1900   МГц  

                 3G UMTS900/1900/2100(WCDMA) МГц  

  • Дисплей: 4 TFT, 800x480 нүктелер
  • Жады:2048Мбт, : microSDHC слоты
  • Камера: 5 Мп, автофокус
  • Коммуникациялар: Bluetooth 2.1, Wi-Fi microUSB
  • Медиаплеер: FM радио, 3. 5-мм тiркеуiш
  • Аккумулятор: Li-Ion 1500 мАс
  • Габариттер: 122 x 64 x 9.2 мм

Сурет fan-android.ucoz.ru сайтынан алынған