Афина - Грек елінің астанасы

Афина - Грек елінің астанасы

Жалпы мәлімет
Грекия астанасы

Тілі: грек

Ақша бірлігі: еуро

Діні: православие (97%)

Порты: Пирей (біржылдық жүк айналымы 14 млн тоннадан астам)

Әуежай: «Элефтериос Венизелос» халықаралық әуежайы

Аумағы: 38,964 шаршы шақырым (агломерация аумағы — 411,717 км2)

Халық саны: 745 514 адам, агломерациядағы адам саны — 3 130 841 адам

Халық санының тығыздығы: 19 133, 4 адам/шаршы шақырым (агломерациядағы халық санының тығыздығы — 7 604.3 адам/шаршы шақырым)

Теңіз деңгейінің орташа биіктігі: 107 м.

Экономикасы: Грекияның әкімшілік, шаруашылық, туристік орталығы

Өнеркәсібі: тамақ өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп, кеме құрылысы, мұнай өндіретін зауыттар

Климаты: субтропикалық, шілде айының орташа температурасы +27ºС, қаңтар айының +9ºС


Қызықты мәліметтер:

  • 1896 жылы Афинада тұңғыш Олимпиада ойындары өткізілді. Олимпиада ойындары Афинаға 2004 жылы қайта оралды.
  • Афинаның танымал үш пәлсафашылары: Сократ, Платон мен Аристотель - көрнекті данышпандар. Платон мен Аристотель әлемдегі тұңғыш танымал оқу орындарының негізін қалаған.
  • Грек антик аңыздарының бас құдайы Зевстің сүйікті қызы, ақыл құдайы Афина Парфеностың құрметіне қаланың аты берілген.
  • Афинада грек православ шіркеуінің бас ғимараты орналасқан. Грек халқының көп бөлігі православ христиандары болып табылады.


Афинаның көрікті жерлері


1. Акрополь (ежелгі грек тілінен аударғанда «жоғарғы қала» деген мағына береді) – жоғарғы қала болып есептелетін ежелгі грек қаласы, сонымен қатар, соғыс кезінде қорғанатын баспана-қамалы. Акропольде жебеуші құдайлардың шіркеулері орналасқан. Афинадағы Акрополь Бүкіл Әлем мұраларының тізіміне енген. Бұл қалада сәулет өнерінің барлық шығармалары жинақталған.

Акрополь барлық жақтан көріну үшін Афинада биік ғимараттар мен зәулім үйлер салуға рұқсат берілмейді. Жыл сайын Акропольді көруге миллиондаған саяхатшылар Афина қаласына жиналады.

2. Ұлттық Археология мұражайы 1891 жылы ашылды, 1939 жылы кеңейтілді. Мұражайдың бірінші қабатында микен мен киклад және неолит өнерінің жәдігерлері, геометриялық және көне стиль экспозициялары, рим және грек мүсіндері, қоладан жасалған бұйымдар мен әшекейлер жинақталған. Екінші қабатта керамикалық бұйымдардың экспозициялары сақталған.


3. Антик Агорасы Акропольдің солтүстік-батысында орналасқан. Агора Ежелгі Афинаның саяси, экономикалық және шаруашылық орталығы болды. Агорада парламент, сот, Толос (атқарушы өкімет орталығы) және коммерциялық орталықтар болған. Антик базарында Афина мен Гефеста ғибадатханалары ежелгі грек ғибадатханаларының бірі болып сақталған. Атталостың жабық галереясы Стоа мұражайында афин демократиясы мен әділдігінің атрибуттары болып табылатын ежелгі гидравликалық сағат, құжаттар, салмақ өлшемінің үлгілерін көруге болады.


4. Олимпиада Стадионында 2004 жылы Жазғы олимпиада ойындарының ашылуы мен жабылу салтанаты өтті. Бұрындары «Спирос Луис» деп аталатын бұл стадион 1982 жылы өткізілген жеңіл атлетикадан Еуропа чемпионатына арнайы салынған. Стадион атауы 1896 жылы өткен олимпиада марафонында топ жарған жеңімпаздың құрметіне берілген. Афинаның солтүстік бөлігіндегі Марусси ауданында орналасқан бұл стадионның құрылысы 1980 жылы басталып, 1982 жылы 8 қыркүйекте стадионның ашылу салтанаты өтті. Стадионда 1983 жылы Кубоктардың Кубогының ойыны, 1987 жылы УЕФА кубогының финалы, 1994 және 2007 жылғы Чемпиондар Лигасы өтті. Бұл жер Грекияның футбол құрамасының ойын аренасы болып табылады.


5. Жел мұнарасы б.э.д. ІІ ғасырда салынған. Сирия астрономы Андроник Кирресткийдің ықпалымен орнатылды. Сегіз бұрышты мұнараның биіктігі 12 метр, диаметрі 8 метр. Астыңғы қабатта Афинаға соғатын сегіз жел бейнеленген. Мұнара ішінде мемлекеттің су сағаты (клепсидра) болған, ал қабырғасынан әлі күнге дейін күн сағатын көруге болады.


Суреттер ғаламтор беттерінен алынған

Ғ. Ұзақ