Еркекке қатер WI-FI-дан

Еркекке қатер  WI-FI-дан

Сымсыз байланыс арқылы... электрмагнитті сәулелену сперматозоидке кері әсерін тигізеді.

 Fertility and Sterility журналында аргентиналық ғалымдардың ноутбук мен сымсыз интернеттің сперматозоидке тигізер әсері жайлы жазылған баяндама жарыққа шықты. Ғалымдар тәжірибе ретінде 29 еркектен алынған  «сперматозоидтарды» Wi-Fi жалғауы бар ноутбуктердің жанына қойды. Төрт сағаттан соң барлық сперматозоидтың ¼  бөлігі жансызданған (компьютерлерден алыс тұрған 14% ғана сперматозоид үлгілері өлген), ал 9% қатты зақымдалған ДНҚ көрсеткішін көрсетті. Сонымен қатар, ноутбукті тізеге қойып жұмыс істеу барысында ұманың сперматозоидтардың жойылуына әкеп соғатын дәрежеге дейін қызатынын дәлелдейтін ғылыми зерттеулер де бар.

Ноутбуктер қауіпті ме? Әрдайым ноутбук пен iPad қолданағанына қарамастан екі баланың әкесі атанған доктор Роберт Оутс бұндай шешіммен келіспейді. Оның айтуынша, бүгінде  жүктіліктің нақты қорытындысын ноутбук қолданумен байланысты екеніне талдау жасайтын бірде-бір ғылыми зерттеулер жоқ. Дегенмен, компьютерді тізеде емес, үстел үстінде қолданған дұрыс деп хабарлайды Reuters.

Wi-Fi шәует сапасын төмендетеді

Аргентиналық ғалымдар сымсыз желілердің шәует сапасын төмендететінін анықтады деп хабарлайды NY Daily News. Ғылыми зерттеуді Кордовадағы репродуктив медицина орталығының Конрадо Авендано бастаған мамандар тобы жүргізді. Жұмыс нәтижесі Fertility and Sterility журналында жарияланған.

Зерттеу жұмыстарына өз еркімен қатысқан адам саны 30 шақты. Авенандо мен оның әріптестері әр қатысушыдан екі сперматозоид үлгісін алды. Жиналған шәует үлгілерінің жартысы төрт сағат бойы Wi-Fi жалғанған ноутбук қасына орналастырылды. Ұрық сұйықтығының екінші жартысы сымсыз желіден тыс жерге орналастырылды.

 Шәует сапалылығы неден байланысты?

 Эксперимент соңында тәжірибе жүргізілген сперматозоидтардың қозғалғыштығы бастапқы көрсеткішпен салыстырғанда ¼  есеге төмендеді. Аталған жасушалардың 9% ДНҚ құрамы зақымданған.

Соңғы топта сперматозоид қозғалысы 14 пайызға төмендеген, ал ДНҚ-ның зақымдануы жасушалардың үш пайызында ғана байқалған. Сонымен қатар, екі топта да сан жағынан сперматозоид өлімінің айқын айырмашылықтары анықталған жоқ.

Авторлардың айтуына қарағанда, сымсыз желілердің электромагнитті сәулеленуі сперматозоид сапасына зиян екенін зерттеу нәтижелері растады. Соған байланысты Авенандо еркектерге Wi-Fi құрылғыларын жыныс мүшелерінен аулақ ұстауды ұсынды.

сурет Ғаламтордан

Р. Роза