Қағаздан жасалған қар

Қағаздан жасалған қар

Келе жатқан Жаңа жылдың басты хабаршысы, қағаздан қиылған қар дүкендер мен кеңселер безендірілуінде көп қолданылады. Жалпы, қағаз - түрлі ою сызып, қиюға таптырмас, өте ыңғайлы материал. Ал түрлі- түсті, сыйлықтарды орауға арналған қағаздан жасасаңыз, ерекше көңілді ойыншыққа айналады. 

Қажетті материалдар:

- Қағаз

- Қайшы

Алдымен, қағазды квадраттап қиып, дайындап аламыз. Оны ортасынан және ұзындығынан екі бүктейміз. Осы шыққан үшбұрыштан қар оюларын кесеміз. Назарыңызға бірнеше суреттердің бірнеше нұсқасын ұсынамыз. Ал, сіз, өз ойыңыздан да шығарып, жасай бере аласыз. Сәттілік! 

                              



Суреттер elf.ru, original-home.ru сайттарынан алынған