Дем ал - телефоныңды зарядта

Дем ал - телефоныңды зарядта

Қазіргі кезде электр энергиясының тапшылығы адам баласының жаңа құрылғы ойлап табуына итермелеп отыр.  Күн өткен сайын адам баласы ойлап тапқан техникалық құрылғылардың тізімі үлкен қарқынмен өсуде. Бұған дәлел ретінде дизайнер және өнертапқыш  Жоао Пауло Ламмоглианың ойлап тапқан құрылғысын айтуға болады.

Итальяндық өнертапқыш Жоао Пауло Ламмоглиа ұялы телефондар мен гаджеттерді кез келген жерде қорек көзімен зарядтауға мүмкіндік беретін құрылғының болашақ үлгісін көпшілік назарына ұсынды. Бір мақалада біз сізді ұялы телефондар мен гаджеттерді судың көмегімен зарядтауға болатынтындығын айтқанбыз. Ендігі кезекте тағы бір қызықты техникалық жабдық. AIRE атты бұл зарядтау құрылғысының көмегімен гаджеттің ішінде  жел электр энергиясы туындайды. Оны кейін телефондарда, планшеттер мен  MP3 ойнатқыштарында қолдануға болады екен. Бұл құрылғының ең қызық жері, электр энергиясынан түрленетін жел адам баласы дем алғанда пайда болады. Адам баласының қиялында шек жоқ деп осыны айтсақ болады. 

"AIRE көмегімен электронды құрылғылардың толық зарядталғанын күтпесеңіз де болады. Кез келген жер мен кез келген уақытта іске қосып, пайдаланасыз. Адам баласы қозғалғанда, олардың мобильді құрылғыларының батареялары тез отырып, гаджеттердің жұмыс істеуі тоқтайды. Құрылғылардың батареясының заряд деңгейі төмен болса да, қолданушылар маңызды қоңырау немесе хабарламадан тыс қалмайды"- деді өнертапқыш өз сөзінде.

Болашақ құрылғыда желдің түрленуі үшін көптеген кішігірім жел турбиналары қолданылады. Ал құрылғының өзі бетке киетін маска түрінде орындалған. Суреттерден көріп отырғанымыздай,  маска адамның дұрыс дем алуына еш кедергі келтірмейді. Оны спортпен шұғылданған кезде не ұйықтап жатқан кезде де пайдалануға болады. Болашақта осындай  құрылғылар көптеп пайда болатын болса, электр энергияның тапшылығы туралы ұмытуға болады. Тек, ғарыш әлемінде жүргендей күй кешпесеңіз болғаны.


Суреттер: 3dnews.ru

Форумда талқылау