- Негізгі бет
- Тұлғалар
- 100 мың доллар...
100 мың доллар босқа кетер ме екен?
Қазақстандық "Астана" футбол клубы ресейлік аяқдопшы Валерий Коробкинды 100 мың долларға сатып алуға дайын, деп хабарлайды Чемпионат.com сайты.
27 жасар қорғаушы краснодарлық "Енисей" клубының сапында тер төгіп, Ресейдің бірінші дивизионында өнер көрсетіп жатыр. Коробкиннің "Енисей" клубымен жасаған келісім-шарты үш айдан кейін күшін жояды.
Бір айта кететіні, Коробкин өз қарсыласы "Жемчужины" командасының қақпасына 30 м қашықтықтан гол соққалы бері "Енисейдің" ең танымал футболистерінің біріне айналды. Жергілікті телеарна Коробкин жайлы шағын бейнебаян түсіруге де үлгеріпті.
Ертеректе "Астана" футбол клубы венгерлік "Кечкеметтің" сапында өнер көрсеткен Орталық Африка республика азаматы Фокси Кетевоамуды жалға алған болатын. Биылғы кезеңде қазақстандық "Астана" ФК трансферлік нарықта белсенділігімен көзге түсті. "Астананың" құрамасы бірнеше жаңа футболистермен толып, команданы жаңа жаттықтырушы ресейлік Олег Протасов жаттықтырып жатыр.
Форумда талқылау
Сурет fc-enisey.ru сайтынан