Аяққа арналған жаттығулар

Аяққа арналған жаттығулар

Әдемі, тартымды көрінетін аяқтардың иесі атану үшін мына жаттығуларды қалдырмай істеп жүріңіздер. Бұл 3 оңай жаттығу аяқ бұлшық етін жаттықтырып, воллейболшы қыздардың аяғындай шымыр әрі нәзік қылады. Бастапқы кезде қатты тырысамын деп аяқтарыңызды ауыртып алмаңыздар.

 


1.(А) Аяқтарыңызды иық деңгейіне қойыңыз, аяқ тұмсықтары екі жаққа қарасын. Қолыңызға гантель алып, оны шынтақты бүкпестен шеттерінен ұстаңыз. 

(В) Мүмкіндігінше төмен отыруға тырысыңыз. Осылайша бірнеше секунд кідіріңіз. Асықпай орыныңыздан тұрыңыз. Бірнеше рет қайталаңыз. Жаттығу барысында белге дейін арқаңыздың тік болғанын қадағалаңыз. 

2. Түзу тұрыңыз, аяқтарыңыз иық деңгейінде болсын. Ішіңізді тартыңыз.

(А) Оң аяқпен артқа қадам жасап, отырыңыз. 

(В) Оң аяғыңызды жоғары көтеріп, ауаны тебіңіз. Бастапқы (А) орынға оралып, жаттығуды 10-15 рет істеңіз. Аяқты ауыстырып, жаттығуды қайталаңыз.

3. (А) Түзу тұрып, қолыңызды еденге параллель ұстаңыз. Оң аяғыңызды көтеріп, ұстауға тырысыңыз.

 (В) Суреттегідей отыруға тырысыңыз. Арқаңызды мүмкіндігіңізше түзу ұстап, оң аяғыңызды еденге тигізбеуге тырысыңыз. Бірнеше секунд кідіріп, бастапқы орынға қайтып оралыңыз. Кезек -кезек аяғыңызбен 10-15 рет қайталаңыз.

Форумда тақылау.

Сурет freshwoman.net сайтынан алынды.

С. А