Бокс. Ұлттық құрамамызды қолдайық

Бокс. Ұлттық құрамамызды қолдайық

"Алматыда төрт елдің былғары қолғап шеберлері өнер көрсетіп, бақ сынаспақ" - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталының тілшісі Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап.

Бұл жарысқа Үндістан, Ресей, Франция мен Қазақстан құрамаларының боксшылары қатыспақ. Былғары қолғап шеберлерінің кездесулері ақпанның 15-інен 18-іне дейінгі аралықта "Достық" спорт кешенінде өтеді. Бұл шара жақын арада Лондонда өтетін Олимпиада ойындарына дайындық шеңберінде ұйымдастырылып отыр. Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық боксшылар Францияның былғары қолғап шеберлерімен кездессе, 16 ақпан күні спортшыларымыз үндістандық әріптестерімен бақ сынасады. Ал ақпанның 18-күні Қазақстан мен Ресей құрамалары арасында кездесу ұйымдастырылмақ. Кездесулердің басталатын уақыты - 17.00.
Өз құрамамызды қолдайық, ағайын!

Сурет Tengrinews.kz сайтынан.

Форумда талқылау.