Вицин туралы қызықты деректер

Вицин туралы қызықты деректер

Аңғал әрі сужүрек образымен танымал белгілі актер Георгий Вицин ғұмырының соңғы жылдарына дейін өнермен қоштасқан жоқ. Өз ісіне адал болған актер талай образдарымен өз көрерменінің жадында мәңгі сақталатыны сөзсіз. Танымал әртіс жайлы қызықты деректерге көз жүгіртейік.

  • Вицин 1917 жылы сол кезде Ресей империясының құрамына кірген Финляндия еліне қарасты 
  • Териоки (қазіргі Зеленогорск) қалашығында дүниеге келген. Вициннің анасы туған жылын 1918 жыл деп қасақана өзгертіп, баласын сауықтыру орман мектебіне берген.
  • Қартайған шағына дейін Вицин өте жас болып көрінді. 38 жасында ол «Максим Перепелица» картинасында Мусия атайдың рөлін сомдады. 37 жасында «Запасной игрок» киносында 18 жасар бозбала Вася Веснушкинді ойнаса, «Женитьба Бальзаминова» фильмінде 20 жасар Миша Бальзаминовті ойнады.
  • Вицин кітап пен тиын жинаумен шұғылданатын. Оның коллекциясында жердің түкпір-түкпірінде орналасқан мемлекеттердің валютасы болған.
  • Вициннің кейіпкерлерінің көбі маскүнем, араққұмар жандар болатын. Алайда, шынайы өмірде Вицин жат қылықтардан ада болып, салауатты өмір салтын ұстанып, йоганың тыныс алу жаттығуларын жасайтын.


Форумда талқылау

Суреттер http://blogs.privet.ru, http://www.voteactors.ru ғаламтор беттерінен алынған

Ғ. Ұзақ