- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Негізін кішкентай балалар...
Негізін кішкентай балалар қалаған мереке
Негізін кішкентай балалар қалаған фестивальдерді ең қызықты әрі сүйікті мереке деп атауға болатыны сөзсіз. Жапониядағы Саппора орталық саябағында өткізілетін қар фестивалін ең қызықты мерекелердің қатарына жатқызуға болады.
Бұл фестивальдің өтуіне жергілікті орта мектептің оқушылары ықпал етті. 1950 жылы олар Саппора орталық саябағында қардан алты мүсін жасаған. Сонымен қатар, оқушылар өзара қармен атысып, саябақтың ішін қызыққа толтырған. Балалардың ойынын көруге сол кезде саябаққа 50 мың адам келген.
Оқушылардың бұл әрекеті Саппоро саябағының атын шығарып, сол кезден бастап фестиваль ретінде тұрақты түрде өткізіле бастады.
1953 жылы алғаш рет биіктігі 15 метрге жететін Сётен алып мүсіні тұрғызылды. 1955 жылы фестивальге Жапонияның қорғаныс әскерлері қатысып, фестивальдің өрісі кеңейді.1959 жылы фестивальдің 10 жылдығының қарсаңында фестивальге 2500 адам қатысты, ал баспасөз өкілдері фестиваль туралы тұңғыш рет сөз қозғады. Бұқаралық ақпарат көздерінде айтылған фестивальді көру үшін Жапонияға жердің түкпір- түкпірінен саяхатшылар ағыла бастады.
1972 жылы Саппорода қысқы Олимпиада ойындары кезінде фестиваль «Саппороға қош келіпсіздер!» деген ұранмен өтті.
Жарты ғасырдан астам уақыт бойы өткізіліп келе жатқан қар фестивалін көруге екі миллионнан астам халық жиналады. Қарлы мүсіндер үш бірдей алаңда тұрғызылып, бір аптаға жалғасады.
Суреттер http://news.leit.ru, http://turj.ru, tourblogger.ru, http://prikol.i.ua ғаламтор беттерінен алынған
Ғ. Ұзақ